ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!! Толығырақ

«МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР» ӨНЕРЛЕРІН ПАШ ЕТТІ

17:35, 16 мамыр 2018

«Шарықта, шалқар шабытым!». Облыстық «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шығармашылық кеш... осылай аталады. Концертте «мүмкіндігі шектеулі» дегенмен.., талантты жандар... өз өнерлерін паш етті.

Олар - өмірге құштар жандар. Өзгелер секілді өз ойы, сарқылмас өнері бар. Сахнада именбестен, бар өнерлерін паш етті. Патриоттық, махаббат, ата-анаға деген сүйіспеншілік тақырыбында әндер айтып, қара өлеңнен жыр көмкерді.

Елбек Бакиев  – «Шалқар шабыт» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары

-Мақсат мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығы мен талантын, өнерін халыққа кеңінен насихаттау болып табылады. Ән де, өлең де, шығармалардың барлығы  да - өзіміздікі. Шынайы жүректен шыққан туындылар...

Рүстем Тайыровтың көру қабілеті нашар. Тумысынан тақсірет тартқанымен, торыққан.., жабыққан емес. Керісінше, мүмкіндігім шексіз деп біледі. Бүгінгі кешке арнайылап ән жазып, дайындалды.  

Рүстем Тайыров – Қазығұрт аудандық Қызылқия мәдениет үйінің әдіскері

Бүгінгі мына қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың өз орнын, қоғамда қысылмастан өнер көрсетуге болатынын көрсету. Бізде он екі мүшесі сау адамдардай ел қатарлы өнеріміз бар екендігін дәлелдеу.

«Шалқар шабыт»... Мүгедектер бірлестігінің... осы топтағы жандардың... рухын көтерудегі еңбегі ерен. 2015 жылдан бастап, «Мөлдіреген жыр сезім» жазба ақындар мүшәйрасын өткізіп, талайды поэзияға ғашық етті. Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Тараз, Шымкент қалаларында кеш ұйымдастырып, тағдырластарды табыстырды. Үлкен күш екендіктерін ұқтырды.

М.ӘСЕМБЕК                                                                

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ШАҺАРДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮН, ТҰҢҒЫШ ЖИЫН
18:28, 17 тамыз 2018
РУХАНИ ШАҺАРДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮН, ТҰҢҒЫШ ЖИЫН
Толығырақ...
ТҮРКИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ЖЫЛЫЖАЙ САЛУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІН КӨРСЕТПЕКШІ
14:54, 17 тамыз 2018
ТҮРКИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ЖЫЛЫЖАЙ САЛУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІН КӨРСЕТПЕКШ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!
14:44, 13 тамыз 2018
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРДЫ
14:49, 15 тамыз 2018
ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР, ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМАЛАР ТҮРКІСТАНҒА КӨШ ТҮЗЕЙДІ
18:16, 14 тамыз 2018
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР, ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМАЛАР ТҮРКІСТАНҒА КӨШ...
Толығырақ...