ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ЖАРЫСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

12:20, 26 наурыз 2019

Мүмкіндіге шектеулі жандар жарыс алаңында. Шардара ауданындағы орталық стадионда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жарыс өтті. Онда спортшылар спорттың 4 түрінен үздіктерін анықтады. Ал, Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтан кәсіпқой шаршы алаңда 11-ші кездесуінде жеңіске жетті.

Шардара ауданындағы орталық стадионда өткен бұл спорттық іс-шараға 30-дам астам мүмкіндік шектеулі жандар қатысты. Биылдыққа екінші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі жарыста екі командаға яғни қыздар ұлдар болып бөлінген спортшылар шахмат,  тоғызқұмалақ, дойбы, қол күрестен үздіктерін анықтады. Түс ауасына дейін жалғасқан жарыстың қорытындысы бойынша шаxматтан қыздар арасында бірінші орын тұғырынан Маxаббат Абдраxманова, ұлдар арасында Елқоныс Аxметов  көрінді. Ал, дойбыдан Бегалиев Қанатәлі, тоғызқұмалақтан Өнербай Төлебай, үздік деп танылды.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАН 11-ШІ КЕЗДЕСУІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой шаршы алаңда 11-ші кездесуінде жеңіске жетті. Қазақстандық 25 жастағы боксшының қарсыласы Пуэрто-Рико елінің өкілі 32 жастағы Луис Эрнандес болды. Орта салмақта өткен сегіз раундтық кездесу АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анжелес қаласындағы Hollywood Fight Nights шоуы аясында ұйымдастырылды. Кездесуде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Нұрсұлтанов 79-72 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Нұрсұлтанов спорттық мансабында 11 кездесу өткізіп, барлығынада да жеңіске жетті, оның сегізін мерзімінен бұрын аяқтады. Эрнандес болса, сегізінші рет жеңіліп отыр екен, бұрындары ол 16 қарсыласын тізе бүктірген.


Нұрсұлтан Әбдірашит                                      

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
12:30, 18 шілде 2019
ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...