ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК

20:21, 30 қазан 2020

Қала әкімі Мұрат Әйтенов азаматтардың жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдау өткізді. Қабылдауға жазылған қала тұрғыны кепілдендірілген әлеуметтік пакетті мерзімінде толық ала алмай отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, қабылдауда шалғай елді мекендердегі қоғамдық көлік жайы сөз болды.

Әкімдік пен сауда үйі арасында келісімшарт түзілген. Яғни, кепілдендірілген пакеттегі заттарды сатып алуға тұрғындар үшін ақша бөлінген. Біз бір нәрсені ұмытпауымыз қажет. Халық ақшасы - халыққа жету керек. Әр үш айда берілетін көмекті қала тұрғындары уақтылы алып отыруға құқылы - деді қала әкімі.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

 Тұрғындар "Магнум" сауда үйіндегі қызметкерлердің дөрекілігі жөнінде арызданды. Бұл бағытта аудан әкімдеріне және сала басшысына барлық "Магнум" желісінің басшыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, әлеуметтік көмек берілерден бір апта алдын түгендеу жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырма берді.

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК БАҒЫТТАРЫ ҚОСЫЛАДЫ

 Қаламыздағы шалғай орналасқан елдімекендерде қоғамдық көлік мәселесін шешу мақсатында 17 қыркүйектен бастап Солтүстік саяжайға №108А автобусы тұрақты қызмет көрсетіп жатыр. Желтоқсан айында №45 автобус бағытының жұмысын 10 минут жиілікпен Солтүстік саяжайға ұйымдастыру жоспарлануда екен.

Сондай-ақ, қала әкім қалаға жыл соңына дейін 600-ге жуық газбен жүретін автобус алынатындығын айтты.  Сондай-ақ, бүгінгі өткен онлайн қабылдауда азаматтар негізінен әлеуметтік мәселелер, тұрғын үй және жер құжаттарын рәсімдеу бойынша сауалдарын ортаға салды.

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар