ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

МЫҢ ОҚУШЫ ОЛИМПИАДАДА БАҚ СЫНАДЫ

12:39, 8 қаңтар 2019

Түркістанда жоғары сынып оқушылары арасында пәнаралық олимпиада өтті. 16 пән бойынша үздіктерді анықтаған бәсекеге мыңнан астам оқушы қатысты. Тұран даласының төрінде ұйымдастырылған білім додасы екі кезеңде өрбіді. Қатысушылар алдымен іріктеу кезеңінде бақ сынаса, соңғы сәтте шын мықтылар анықталды.

Бүгінгі бәсекеге келген оқушылардың барлығыда өз аймақтарында топ жарған үздіктер. Мәселен, Қазыбек химия пәні бойынша аталған Жетісай  ауданында алдына қара салмаған. Болашақта дәрігер болуды армандайтын жас өрен  облыстық сайыста  да топ жаруды армандайды. Іріктеуден іркілмей өткен шәкірт олимпиаданың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты.

Қазыбек Жұмабаев – Б. Момышұлы атындағы жалпы орта мектептің оқушысы /Жетісай ауданы/

Мен жарысқа алғаш рет қатысыпотырмын. Өз ауданымда біршгі орын алғанмын. Осы жарыстанда үмітім зор. Бізалыстан келдік жақсылап қарсы алып жайғастырды.

Облыстық олимпиада екі бағытта өрбіді. Мәселен  оқушылар алты пән бойынша жаратылыстану бағытында бақ сынаса, қалғаны гуманитарлық бағытта жеңіске жету үшін барын салды.Сөйтіп екі бағыт бойынша анықталған жеңімпаздар  республикалық олимпиадаға жолдама алды. Еске салып өтейік, өткен жылы біздің өңір өрендері еліміз бойынша ұйымдастырылған бәсекеде үздік деп танылған болатын. Биылғы білім додасының барысын бағамдаған ұстаздар бұйыртса сол көрсеткіш қайталанады,- деген үмітте.

Исатай Сағындықов – Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы

Біз ойлаймыз өткен жылғы көрсеткіштен төмен болмайды деп. Өйткенідайындық жұмыстары,өзіміздің балдардың жігері де нағыз бабында келген  сияқты.        

Екі күнге созылған сайыс қорытындысында  16 пән бойынша үздік деп танылған  48 оқушы  республикалық олимпиадаға жолдама алды.

М.ЖАРЫЛҚАСЫН                                                                        

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХЫ - БАР ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫ
19:22, 23 наурыз 2019
ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХЫ - БАР ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫ
Толығырақ...
«ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ  МАҢЫЗДЫ МІНДЕТІ»
19:21, 23 наурыз 2019
«ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТІ»...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
12:21, 20 наурыз 2019
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
Толығырақ...
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
21:34, 19 наурыз 2019
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...