ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

МЫРЗАҒАЛИ АЙТЖАНОВ БИЫЛ 50 ЖАСҚА ТОЛДЫ

15:50, 12 қазан 2020

Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері болып он жылға жуық еңбек еткен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов биыл 50 жасқа толды.

Еліміздің боксының дамуына мол үлесін қосып келе жатқан ұстаз-бапкерге шəкірттерінің де құрметі ерекше. Бүгін Шымкент қаласындағы, бапкердің туған жері Қарабастау елдімекенінде спорт сүйер қауым   Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Еуропа чемпионы Мырзағали Айтжановқа сый-құрмет жасап,тұлпарға мінгізді. Бүгінде талай талант тəрбиелеп келе жатқан жаттықтырушы Түркістан облысының боксшыларын баптауда. Жерлестеріміз жақсы біледі, Мырзағали Құланұлы əлемнің екі дүркін үздік бапкері атанып, бас бапкер болып қызмет атқарған жылдары Бейжің жəне Лондон, Рио олимпиада ойындарында қазақстандық боксшылар ғаламат жетістікке жетті.

 

Мырзағали Айтжанов - Қазақстан республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы     

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...