ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Толығырақ

«...НАҒЫЗ ҚАЗАҚ – ДОМБЫРА»

14:35, 9 шілде 2019

Нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра! Қазығұрт ауданында Ұлттық домбыра күні аталып өтті. Сан ғасырдың сырын күмбірімен жеткізген ұлттық аспапты ұлықтау думаны орталық ауруханада жоғары деңгейде өтті.

 Дала сарынын, көшпелі халықтың шежіресін шерткен көне аспап - қазақтың қасиетті құралы ғана емес. Талай кезеңдердің тарихи куәгері. Қара домбыра Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет заманынан бері қарай қазақ халқының тек шығармашылығында ғана емес, күнделікті өмірде де ерекше мәнге ие.

Мерекеге арналған негізгі шара  орталықтағы перзентханадағы жас босанған аналарды құттықтаудан басталды. Бала сүйіп, бақыт құшағына бөленген Жадыра Фазилова үшінші сәбиін бауырына басты. Шекесі торсықтай ұл баланы дүиенеге әкелді. Аудан билігі тарапынан сыйға тартылқан қазақтың қара домбырасы келіншектің көңілін көтеріп тастады. «Ұлым өскенде домбырашы болсын» деп ырымдады.

 Жадыра Фазилова – Қазығұрт ауданының тұрғыны

Ал, Ақбота Төлеген болса, алғаш рет ана атанып отыр. Ұлттық домбыра күні қарсаңында босанған ана перзентіне Ринат деп ат беріпті. Ақын болса, деген ниет.  

 Ақбота Төлеген – Қазығұрт ауданының тұрғыны

Аталмыш мереке аудан көлемінде үлкен дәрежеде аталып өтуде.   Қазақстанда енді жыл сайын тойланатын болады. Айтулы дата аясында ұлттық аспапты ұлықтайтын шаралар кеңінен ұйымдастырылмақ.

Г. Қалмырзақызы                      

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
20:30, 13 желтоқсан 2019
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –  ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:26, 13 желтоқсан 2019
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
18:37, 10 желтоқсан 2019
ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
16:33, 13 желтоқсан 2019
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
Толығырақ...