ШҰҒЫЛ! САЙРАМДЫҚТАР САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТЫ САҚТАМАЙДЫ Толығырақ

НЕСИЕНІ ТӨЛЕЙ АЛМАҒАНДАРҒА ӨСІМПҰЛ УАҚЫТША ЕСЕПТЕЛМЕЙДІ

19:44, 19 наурыз 2020

Коронавирусқа байланысты енгізілген төтенше жағдай кезінде қазақстандықтар кредитті уақытында төлей алмаса, өсімпұл мен айыппұл уақытша есептелмейді. Бұдан бөлек, банктер кәсіпкерлерге қарызды кейін төлеуге мүмкіндік жасайды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агентігінің Шымкент қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Әбілқазы Қалназаров мәлімдеді.

Оның cөзінше, Азаматтық кодекстің 359-бабына сәйкес қарыз алушы төтенше жағдайға тап болса, мүліктік жауапкершіліктен босатылады. Бұл норма жеке және заңды тұлғаларға банктер ғана емес, барлық микроқаржы ұйымы соның ішінде ломбард, несие серіктестіктері, қарыз беретін кредиторлар берген қарыздарға қолданылады. Сонымен қатар, қазақстандық кәсіпкерлер бірқатар жеңілдікке ие болады. Төтенше жағдай кезінде төлемдердің кешіктірілуіне байланысты қарыз алушыларға айыппұл есептелмейді.Осы заң аясында қазіргі таңда несие беретін барлық ұйымдар тиісті шараларды қолға алуда.

Әбілқазы  Қалназаров – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агентігінің Шымкент қаласындағы  өңірлік өкілдер басқармасының басшысы  


Нұрсұлтан   Әбдірашит                 




 


 

Тақырып бойынша материалдар

13:40, 27 мамыр 2020
ШЫМКЕНТТІК БУХГАЛТЕР ӘУЕС ІСІН КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРДЫ
Толығырақ...
64 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ТАУАРЫН ЗАҢСЫЗ АЛЫП ӨТПЕК БОЛҒАН
13:36, 27 мамыр 2020
64 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ТАУАРЫН ЗАҢСЫЗ АЛЫП ӨТПЕК БОЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар