ШҰҒЫЛ! САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАДЫ Толығырақ

НӘЗІК ЖАНДЫ СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

18:36, 6 наурыз 2020

Жалпы қай салада болса да ер азаматтармен иық тіресіп, еңбек етіп жүрген қыз-келіншектеріміз жетерлік. Тіпті кейбірінің ерлікке тән жетістіктері мол. Айтулы мереке қарсаңында Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев аруларды төл мерекесімен құттықтады. Марапатталғандардың ішінде ел намысын байрақты бәсекелерде биік ұстап, көк туымызды желбіретіп жүрген нәзік жанды спортшыларымыз бен бапкерлер бар.

Облысымызда  спорт  саласында жарқын  жетістіктерге  жеткен бұрымды аруларымыз бен  бапкерлеріміз  көп. Мемлекетіміздің  мерейін  үстем  етіп  келе  жатқан  жеңімпаз  жерлестерімізге  әрдайым  жеңіс  тілейміз. Қыз-келіншектерді төл мерекесімен құттықтаған басқарма басшысы Полат Қырықбаев, алдағы «Токио»  олимпиадасы  қарсаңында лицензиялық  турнирлерге  қатысатын  облысымыздың  саңлақтарына тек  сәттілік серік болып, еңбектеріңіз  жана  берсін,- деп тіледі. Құрметке  ие  болған  жаттықтырушылар  арасында Түркістан  облыстық  ұлттық  спорт  мектебінің  бапкері,  ұзақ  жылдан  бері  спортта  жемісті еңбек  етіп  келе  жатқан Камила Көпбаева мен білікті  бапкерлер Ольга Ковалева, Татьяна Акименко, Екатерина Орловская  және гимнастиканың  білгір маманы Наталья Пак  бар.

Ал, жеңіске  деген  құлшынысы  басым жеңімпаз Түркістан  облысының спортшы  қыздары –еліміздің  мақтаныштары. Мерекелік  басқосуға  қатысқан  облыстық  жоғары  спорт шеберлігі мектебінің балуан қызы Перизат Жақыпбекова  мен Токио  олимпиадасының  лицензиялық  турнирлерінде ел  намысын  қорғайтын  параканоэшы Жаңыл  Балтабаева  көпшілікке  алғыстарын  айтты. Жиында марапатталған   облысымыздың  талантты спортшысы, әйелдер  күресінен  Азия  чемпионатының  қола  жүлдегері Дариға  Әбен  мен Жадыра Пайыз,Ирода Абдырова өздеріне  мол  сенім  артқандары  үшін алғысын  білдірді. Қазақстанның көк байрағын желбіретіп,  ғаламат  жеңістерді  бағындырып  келе  жатқан  облысымыздың нәзік  жандылары  мерекені осылайша  тамаша  көңіл  күймен  қарсы алды.

 

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
19:53, 1 маусым 2020
МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...