ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП – БАРШАҒА ОРТАҚ! Толығырақ

«NUR OTAN» БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

19:55, 1 маусым 2020

маусым - халықаралық балаларды қорғау күні. Айтулы күнде, аз қамтылған отбасының балаларын қуантқан нұротандықтар, 150-ге жуық бүлдіршіннің арманындағы ойыншықтарды сыйлады. Мұндай игі істі дәстүрге айналдырған «NUR OTAN» партиясы, демеушілерден келген көмекті көбінде заттай алуға тырысамыз дейді.

Миллионды қаланың көпбалалы жанұяларының бірі Нұрланбай мен Гүлчехраның шаңырағы. 6 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған отбасының үлкені 20 жаста болса, кішкентайы енді ғана тәй-тәй басып жүр. Балаларымның қуанышты жүздерін көргеннен асқан бақыт жоқ деген батыр ана, бұйыртса биыл 10 сәбиін дүниеге алып келмекші.
Гүлчехра Егембердиева – көпбалалы ана
Осынау мереке күні бүлдіршіндерге қуаныш сыйлауға тырысқан нұротандықтар сыйлықтың бүгін түр-түрін тарту етті. Мұнымен қоса, азық-түлік пен тәттілерді де ала келіпті.
Демеушілердің аманаттарын арқалаған нұротандықтар бүгін 40- қа  жуық әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының шаңырағына барды. Азық-түлік пен ойыншықтардан бөлек, балалар киім-кешекпен де қамтылды.
Бахадыр Нарымбетов – «NUR OTAN» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Еліміздегі үшінші мегаполисте 50 мыңнан астам отбасы көпбалалы статусын иемденген. Олардың 18 мыңға жуығы аз қамтылғандардың қатарында екен. Көпбалалы жанұялардың мұншалықты  мүшкіл халге дейін жетуіне көбінде, безбүйрек әкелерге байланысты көрінеді. Сондай-ақ, еліміздің демографиялық жағдайын жақсартуға үлес қосып жүрген Гүлчехра мен Нұрлан секілді отбасыларының үйсіз-күйсіз  жүргендері жанды қинап тұр.
Г. Асқарқызы                                                                   

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТКЕ  ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
16:53, 16 шілде 2020
ШЫМКЕНТКЕ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
12:32, 16 шілде 2020
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
17:05, 10 шілде 2020
БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
Толығырақ...
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН  ЕСКЕ АЛДЫ
19:19, 13 шілде 2020
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛД...
Толығырақ...