ШҰҒЫЛ! АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ КАРАНТИН Толығырақ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

13:13, 13 тамыз 2019

Түркістан облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев филиал аппаратымен және бюро мүшелерімен жиын өткізіп, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарын таныстырды.

«NurOtan» партиясы Облыстық филиалы Саяси кеңес Бюросының  № 020 қаулысын негізге ала отырып, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің 2019 жылдың 9 тамыздағы №148 бұйрығымен Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымынаТәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы тағайындалды.

«Халықпен ашық және кең деңгейдегі диалог орнатуды қайта ұйымдастырып, атқарушы билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың ашықтығын қамтамасыз етуде партияның ролін күшейтуді тапсырамын. Тұрғындардан келіп түсетін арыз-шағымдарды қарауды және нәтиже шығаруды, тиісті мемлекеттік органдардың басшыларын, депуттаттық корпусты, фракция мүшелерін тарта отырып, күшейту қажет. Арыста орын алған жағдайға қатысты мемлекет тарапынан жасалынып жатқан жұмыстарды елге түсіндіруді белсенді түрде жүргізу керек .Бұл ретте Бейсенбай Дәулетұлы партиялық жобаларды іске асыруда біліктілігін көрсете біледі деп сенемін», -деді облыс басшысы. Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болған Бейсенбай Тәжібаев түрлі қызметте өзінің біліктілігімен көзге түскен азамат.

Тақырып бойынша материалдар

СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
15:40, 2 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
16:30, 2 шілде 2020
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
Толығырақ...
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ  КАРАНТИН
16:32, 2 шілде 2020
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ КАРАНТИН
Толығырақ...