ШҰҒЫЛ! ЖАНЖАЛ КЕЗІНДЕ ЖАРАҚАТ АЛДЫ Толығырақ

«NUR OTAN » ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ

16:28, 13 тамыз 2020

Шымкентте «Нұр Отан» партиясының праймеризге дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында жиын өтті. Жиынға партия филиалы басшылығы, саяси кеңес бюросы мүшелері, және аудандық партия филиалы белсенділері «Zoom» желісінде онлайн форматта қатысты. Мәжіліс барысында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов алдағы науқан бойынша атқаралып отырған жұмыстарға тоқталды.

Жасыратыны жоқ, әзірге қарапайым халыққа праймериз беймәлім сөз. Дегенмен бұл сөзді ағылшын тілінен қазақшаға аударғандағы баламасы алдын – ала іріктеу, сайлау дегенді білдіреді.  Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясының іріктеу жұмысына дайындығы жүйелі түрде өтіп жатыр. Айта кету керек, 17 тамыз бен 3 қазан аралығында еліміз бойынша праймериз өтеді. Осыған байланысты партия мүшелері праймериздің өткізу ережелерін түсіндірді.

 Бахадыр Нарымбетов- «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

 Бүгінгі мақсат осы праймеризге дайындық. Осы праймеризге дайындық 4 аудан бойынша тыңдалды. Осы 4 ауданның бүгінгі күнге дайындық деңгейін анықтап отырмыз. Жалпы баға беретін болсақ біз дайынбыз.   

Сондай-ақ партия мүшелері жиын барысында  кандидаттарға бірқатар тапсырмалар берді. Және де лидерлік қабілетін көрсете алатын жастарды праймеризге қатысуға шақырды.

 Бахадыр Нарымбетов- «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары                                                                                                    

Өзінің ойы бар, елді дамытамын деген, қаланы дамытамын деген халықтың әл-ауқатын жақсартамын деген әрбәр азамат осы праймеризге қатысу керек. Өзінің пікірін жеткізу, идеяны жүзеге асыру керек екендігі үлкен мүмкіндік. Әсіресе жастарға. Жастардың 20 пайыздық квотасы бар, әйел адамдар-30. Барлығыңыз праймеризге қатысыңыздар. Бірде бер пікір, идея сырт қалмайды. 

Айта кетейік, партияның құндылықтарын ұстанатын және сайлау құқығы бар кез келген қазақстандық үміткер бола алады. Егер кандидат партия мүшесі болмаса, ол праймеризге қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін партия қатарына қосыла алады..

Тақырып бойынша материалдар

«ДҮЙСЕНБІЛІК ФУТБОЛ» ТУРНИРІНЕ 12 КОМАНДА ҚАТЫСТЫ
15:04, 28 қыркүйек 2020
«ДҮЙСЕНБІЛІК ФУТБОЛ» ТУРНИРІНЕ 12 КОМАНДА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАЙЫЗСЫЗ  ПӘТЕРГЕ  ҚОЛ  ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
10:45, 23 қыркүйек 2020
ПАЙЫЗСЫЗ ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
Толығырақ...
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Л.К.Рамазанованың қатысуымен отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жедел онлайн-кеңес өтті
17:06, 25 қыркүйек 2020
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-дем...
Толығырақ...
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...