ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

"НҰР-СҰЛТАН" АТАУЫН ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ҚОЛДАДЫ

12:16, 26 наурыз 2019

Еліміздің бас қаласы Астана – "Нұр-Сұлтан" деп аталады. Бұл ресми шешімге түркістандықтар да қызу қолдау білдірді. Қасиетті шаһардағы Есімхан алаңында танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік кеш өтті. Оған Елбасының есімі ұлықталғанына ризашылықтарын жеткізген 10 мыңға жуық көрермен қатысты.

Сарыарқаның төрінен орын алған Астана енді, Нұр-Сұлтан есімімен аталады. Бұл жаңалықтан құлағдар болған түркістандықтар қос қолдап қолдайтындықтарын жеткізді. Түркістанның да түлеуіне айрықша серпін берген білгір басшының есімі  бас қаланың атауына әбден лайық деп тануда. Осыған орай ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға«Жігіттер квартеті», Ернар Айдар сынды елге белгілі өнер жұлдыздары қатысып, Түркістан аспанын әсем әнге бөледі.

Кешке жиналған көпшілік қауымтатулықтың символына айналған елімізді  мақтан етіп, Елбасыға шексіз алғыстарын жеткізді. 

Біржан Байтуов – айыскер ақын

 Ұлдан Жабадилова – Түркістан қаласының тұрғыны

Әсел Әлиева – Ақтөбе қаласының тұрғыны

Өткенге үңілсек,Астананың алғашқы атауын да қойған Елбасының өзі болатын. 1998 жылдың 6-шілдесінде Ақмола Астана болып  өзгертілді. Міне, содан бері 21 жыл ішінде бас қаламыз адам танымастай  ақылды қалаға айналып, жаһанды тамсандырды.

 Мадина Әсембек – тілші

Қазақстан халқы үшін еліміздің тұңғыш президенті, елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасаған еңбегі ерен.130 ұлттың басын қосып, бірлікті бекем еткен Елбасын халық ешқашан  ұмытпайды,әрдайым ұлықтайды. Оның бір дәлелі Түркістан қаласындағы Есімхан алаңына жиналған халықтың көптігі. Түркістан жұрты да Қазақстанның астанасы болған Астана қаласының Нұр-Сұлтан болып ауысуын қолдайды.

Айта кетейік,Астананың атауы өзгергеннен соң, Түркістан қаласындағы Арбат алаңы да Нұрсұлтан Назарбаев есімімен өзгертілді.

 

М.ӘСЕМБЕК                                      

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
20:38, 21 қазан 2019
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ
17:56, 21 қазан 2019
ТҮРКІСТАН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...