ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

НҰР-СҰЛТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ТҮРКІСТАНДА

18:23, 13 мамыр 2019

Нұр-Сұлтандық 13 озат оқушы Түркістанның қасиетті жерлеріне саяхат жасады. Мектеп жасындағы балғындар мұндай мүмкіндікке кәсіпкерлердің көмегімен қол жеткізді.

Осы бастама барысында балалар екі күн бойы көне шаһардағы тарихи орындарды аралады. Ұстаздарымен бірге келген балалар бірінші болып экскурсияны Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен бастады. Одан кейін  өзгеде тарихи орындарға ат басын бұрды. Атап айтсақ, бағзы Отырар қалашығы, күш алыбы Қажымұқан Мұңайтпасовтың мұражайы сынды тарихқа толы тұран даласының көрікті де көрнекті жерлерін тамашалады. Айта кетейік, озат оқушылар екі күндік саяхатты еңсеріп, үйіне оралғаннан кейін Түркістандағы демалыстары жайында эссе жазбақ. Айтып өтейік, бұл елордалық оқушылардың Түркістанға алғашқы саяхаты.

     Қуатбек Кемеңгер - оқушы

Бұрындары мен Яссауи кесенесін тек суреттерден ғана көруші едім. Мен ойлағанннан да керемет екен. Түркістанға келер алдын мұнда тарихи орындардың көп екендігіне көз жеткіздім. Біз бүгін біршама тарихи орындарды және мұражайларды араладық.

О.Қасымбеков                                                                             

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...