ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

НҰРСӘТТІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАЛА БИЛІГІНЕ НАРАЗЫ

12:15, 18 шілде 2019

Шымкент қаласы Нұрсәт мөлтекауданының тұрғындары қала билігіне наразы. Олардың айтуынша әкімдік қызметкерлері қаржыны жөнсіз далаға шашып отыр. Себебі бұл аула осыдан екі жыл бұрын ғана абаттандырылған. Бір ауланы қайта қайта жөндеген кімге тиімді? Бұл сұрақтың жауабын Кенжехан Дүйсенбі іздеп көрді.

Нұрсәттегі №215 үйдің ауласы түп түзу. Ешқандай кемшілік жоқ. Дегенмен таяу арада әкімдіктің қызметкерлері келіп жөндеу жұмыстарын жүргізем дегенде   Бақытжан Тұрмаханов – ренжігенін айтады. Ол өзінің теп-тегіс ауласын қайта қырып, қайтадан  асфальт жамағанын қаламайды. Одан да бұл қаржыны шын мәнінде жолы жоқ аулаларға жұмсаған дұрыс дейді.  

 Бақытжан Тұрмаханов – Шымкент қаласының тұрғыны

Ауламыз түп – түзу асфальт. Оны несіне қайта қайта жаңарта береді. Былтыр істеп берген алаңшалардың сихын көрдіңіздер. Бұлардың жұмысына көңіл толмайды. 

Бақытжанның айтқаны қисынға келеді. Бір жыл алдын жөнделген ауланы қайта жөндеуден өткізу жөнінде кім шешім қабылдаған? Халықтың қаржысы осылайша жоспарсыз желге ұша бере ме? Бұл сұраққа Қаратау ауданының  әкімдігі  былай жауап берді.     

Ерлан Құрбанбаев – Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары

Бұған мемлекет қаржысы кетпейді. Бұны ГЧП бойынша істеп отырмыз.

Айтқандай бұл үйдің тұрғындары көліктерін жазда күннен қыста қардан қорғау үшін өз қаржыларына бастырма тұрғызған екен. Ешкімге кедергі келтірмейтін құралмалы нысан балалары ойнағанда да көлеңке болып келген. Енді қайта жаңғыру кезінде рұқсатсыз тұрғызған бастырмалары бұзылғалы тұр.

Бақытжан Тұрмаханов – Шымкент қаласының тұрғыны

Ия бұны өз күшімізбен тұрғызғамыз. Өзіміздің той құдайы тамақтыда бастырманың астында өткізіп жұрміз.

Қаратау ауданы әкімінің орынбасары  Құрбанбаев абаттандыру  жұмыстары ортақ мүдде үшін дейді.Себебі Нұрсәт мөлтек ауданындағы көптеген аулаларда қолдан соққан құрылыс нысандары қаланың ажарын құртып тұр екен. Ал көліктерге арнап ақылы тұрақ соғамыз  –дейді.   

Ерлан Құрбанбаев – Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары

Ол нысандардың барлығы алынады. Мегаполис талаптарына сай келмейтін нысандар жойылады.

Көпқабатты тұрғын үй аулаларын қайта жаңғырту мақсатында  Нұрсәтте 57 аулаға балалар ойын алаңдары мен спорттық алаңшалар соғылады екен. Қай аула жаңа, мынау әлі жарамды демей жоспар бойынша жұмыс істейміз-деп отыр.Осылайша Қаратауда үкімет қаржысы есепсіз желге ұшып отырған сыңайлы. Жекеменшік мемлекеттік әріптестік арқылы дегенменде түптің түбінде ол халықтан жиналған салықтың қаржысы емес пе? Сонда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?

К. Дүйсенбі 

Тақырып бойынша материалдар

50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
16:14, 4 тамыз 2020
50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...