ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

НЫСАНДАРДЫ БҰЗУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

18:07, 3 қаңтар 2019

Түркістанда мемлекет мұқтаждығы үшін сүрілетін нысандарды бұзу жұмыстары басталды. Естеріңізде болса, алдыңғы жаңалықтарымызда "Рухани-мәдени орталық» аймағында орналасқан 170-тен астам нысанның сүрілетіндігі туралы айтқан едік. Бұзылатын ғимараттардың 158 жеке тұрғын үйлер. Қалған 13-і сауда нүктелері, тойханалар мен қонақ үйлер.

Бұл ғимарат Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің іргесінде тұр. Кезінде жеке кәсіпкер асхана ашу үшін іргетасын қалапты. Алайда, рұқсат аламаған. Ол іс өткен жылы анықталып, нысанды бұзу туралы сот шешімі шықты.

Сандыбай Ахатаев – сот орындаушы

Сот шешмін орындауға хабарлама берілген. 7 айда Осы ГАСК қызметкерлерінің қатысуымен. Енді содан бері екі ай уақыт өтті. Енді бүгінгі күнге тағы тағайындап отырмыз...

Алайда, құрылысқа қыруар қаржы жұмсаған кәсіпкер нысанды қиратуға  қимаған. Сөйтіп, нысанды бұзу жұмыстарын өзі орындауға келісіпті.

Сұлтанбек Дүйсенов – кәсіпкер

Сот шешімі шыққан кейін амал жоқ мен келістім. Енді соған байланысты бұзып жатырмын.

Бүгінде бұзылатын өзге де нысан иелерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін 60 тұрғын мемлекет тарапынан берілетін өтемақымен келіскен. Қала әкімінің айтуынша, тұрғындар жерінің әр сотығы үшін бес жүз он сегіз мың теңгеден өтемақы алады. Сонымен қатар, ауласындағы жеміс ағаштары мен баспанасының сапасына қарай тағы да қосымша қаржы төленеді.

Әліпбек Өсербаев – Түркістан қаласының әкімі

Түсіндірме жұмыстарын әр дайым өзім жасап отырмын. Ол бойынша бізде штаб құрылған, соның төрағасымын. Ол 23 адамнан тұрады. Оған ешқандай да кедергі жоқ. Бірінші кезекте біз 7 нысан түсетін жерлерді ғана аламыз. Бәріне бағалау жұмыстарын жүргіздік. Бірақ ол бәрін жаппай бұзып тастау деген сөз емес. Өзінің рет-ретімен, бекітілген тұжырымдамаға сәйкес жүргізіледі. Халық  түсініп отыр, қолдап отыр. Енді әирне  кейбір жерде біреуінікі жоғары, бірініңкі төмен. Ол жүргізген құрылыстарының сапасы мен шығына байланысты.

Айта кетейік, сүрілетін нысандардың барлығы бірден жаппай бұзылмайды. Барлығы құрылыстың ретіне қарай кезең-кезеңімен іске асырылады. Сүрілген нысандардың орнына туристер  аялдайтын жаңа 7 нысан  салынады. Қазір көне шаһарды келбеті келіскен облыс орталығына айналдыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

М. ЖАРЫЛҚАСЫН

Тақырып бойынша материалдар

СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
19:36, 22 қазан 2019
СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
19:09, 22 қазан 2019
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
19:06, 22 қазан 2019
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...