ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

Ө. ШӨКЕЕВ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕТІН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

17:27, 15 шілде 2020

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев биыл пайдалануға берілетін нысандардың құрылыс барысын тексерді. Алдымен облыс орталығында бой көтерген тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік нысандардың құрылысына атбасын бұрды. Қазіргі таңда бұл үйлердің сырқы қасбеттері, электр желілері мен ішкі әрлеу, есік-терезелер орнату жұмыстары жүргізілуде. Облыс басшысы алдағы күз айында ел игілігіне берілетін баспаналардың сапасына баса назар аударуды қадап тапсырды.

Биыл Түркістан қаласында 15 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Қаладағы көгалдандыру жұмыстарының барысын бақылаған облыс әкімі биыл іске қосылатын жаңа нысандардың, драма театр, облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылысын, Қожа Ахмет Яссауи мұражайы нысанының, «Тұңғыш Президент саябағы», Желілік саябақ құрылыстарын аралап көрді. «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығының визит-орталығы мен «Ұлы дала елі» орталығы салынып жатқан жерлерде болды. Мұнда жұмыстар жоспарға сай жүріп жатыр. «Тұңғыш Президент саябағында» бүгінгі таңда су және кәріз жүйелері мен  кіреберіс аркасының металл-конструкциясы толығымен аяқталған. Ал, сатылы су бұрқақтың бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Онда 2 мың түп ағаш отырғызылып, аяқ жолдар төселуде. Сонымен қатар, желілік саябақта су бұрқақ құрылысы  мен жалпы суару жүйенің 1 кезеңі 100 пайызға орындалған. Сыртқы суғару жүйелерінің құрылысы, ағаштарды отырғызу, газон төсеу жұмыстары мен аяқжолдар, керуен жолдары және канал жұмыстарының 95 % аяқталған. Ол жерге хауыз орнатылып, көгалдандыру, жарық шамдары қойылып, аяқ жол тақталары толық төселген.

Г. Асқарқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...