ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

Ө. ШӨКЕЕВ: «ШАРУАЛАР ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ТИІС»

17:16, 15 сәуір 2019

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданына барды. Алдымен, «Қазығұрт» индустриалды аймағына аялдаған өңір басшысы ондағы кәсіпорындар мен өндірілетін өнім түрлерімен танысты. Шаруа қожалықтарының тындырымды тірлігіне куә болған әкім шаруаларға отандық өнімді қолдануды жүктеді.

 Әкім әуелі сусын өндіретін «Көрік» серіктестігіне ат басын бұрды. Алкогольсіз табиғи шырынды сусындар шығаратын кәсіпорын 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазіргі таңда кәсіпорын тәулігіне 8 тонна  сусын өңдейді. Кәсіпорында 21 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Бұдан соң, аймақ басшысы Шарапхана ауыл округінде орналасқан «Қазығұрт Нұры» жылыжайында болды. Жалпы аймағы 2,9 гектарды құрайтын қызанақ пен қияр өсіретін шаруашылықты аралады. Серіктестік төрағасының айтуынша, жылыжайдан өткен жылы жалпы 340 тонна өнім алынған. Алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайту жоспарлануда. Жылыжай жұмыстарын ауылдың 12 азаматы атқарып жүр. Жиын-терім науқанында олардың саны екі есеге көбейеді. Шаруашылық жұмысымен танысқан өңір басшысы шаруаларға жылыжай кешеніне қажетті жабдықтарды отандық өндірушілерден алу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, облыс әкімі Қазығұрт ауданына сапары аясында 70 гектар жерге  қарқынды бау шаруашылығын дамытып отырған «Бірлік» АӨК өндірістік кооперативінің жұмысын аралап көрді. Онда қазір алманың «Голден», «Делишес», «Ред Делишес», «Гала Фуджи», «Грени», «Смит» сынды түрлері өседі. Аймақ басшысы алма бау көлемін ұлғайту мақсатында қожалық иесіне Түркістан қаласынан жер телімі берілетінін айтты. Сондай-ақ, қарқынды бау көлемін көбейтуде аудан басшылығына кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау мен жер мәселелерін дер кезінде шешу қажеттігін тапсырды.

Бұдан басқа, «Қайып ата» ЖШС қожалығының жұмыс барысымен танысқан Өмірзақ Естайұлы шетелге ет өнімін экспорттау үшін қожалықты арнайы реестр тізіміне қосып, қолдау көрсетінін жеткізді. Серіктестіктің мал бордақылау кешені Қазығұрт ауданындағы Жаңабазар ауылында орналасқан. Кешенде бүгінде 5 мыңға жуық ірі қара бордақылануда. Өсірілетін төрт түліктің еті экологиялық жағынан таза әрі сапалы болғандықтан сұраныс өте жоғары. Сондықтан серіктестік ет өндіріп қана қоймай, оны шет елдерге экспорттау жұмысын да қолға алған.

Г. Қалмырзақызы                        

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
12:24, 12 сәуір 2019
ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...