ШҰҒЫЛ! МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ. Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ АСТЫҚ ОРУ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСТЫ

19:19, 16 шілде 2019

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданы Бөржар елдімекеніндегі «Мақта компаниясы» ЖШС-не барды. Онда жалпы облыстағы егіс көлемі және ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстармен танысты. Сондай-ақ, шаруалармен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар, облыс басшысы егіс алқабына шығып, комбайн жүргізіп, бидай орды.

Қазіргі таңда облыстағы бидай алқабының 44 пайызы орылған. Яғни, 94 мың гектардан  183 мың тонна астық жиналып отыр. Жалпы 218 мың гектардың әр гектарынан 21 центнерден өнім алғанда 463 мың тонна бидай алу жоспарлануда. Астық оруға қолда бар 1012  комбайнның   90-95% жұмылдырылды.

Нұрбек Бадырақов – Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Астық жинау жұмыстарымен қатар, ауыл шаруашылығы дақылдарынан бүгінгі таңға 211 мың тонна картоп, 553 мың тонна көкөніс, 592 мың тонна бақша дақылдары жиналып, ішкі сұраныстан басқа Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен басқа облыстарға және шетелге экспортталуда. Жыл соңына дейін 2,7 млн. тонна картоп, көкөніс, бақша өнімдерін жинау жоспарланып отыр.

Бақытжан Әбдіхалықов – шаруа

Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы сала басшыларына жаз мезгілінде ағын су мәселесін қадағалап, шаруалардың жағдайын бақылауда ұстау қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ, ауыл шаруашығы өнімдерін экспорттау көлемін ұдайы арттырып отыруды жүктеді.

Д.Нахыпбек

Тақырып бойынша материалдар

ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН ӘЛІМХАНҰЛЫ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ҮЗДІК БЕСТІККЕ ЕНДІ
18:10, 21 қаңтар 2020
ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН ӘЛІМХАНҰЛЫ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ҮЗДІК БЕСТІККЕ...
Толығырақ...
МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ.
18:08, 21 қаңтар 2020
МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
19:45, 17 қаңтар 2020
ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
Толығырақ...
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
14:12, 17 қаңтар 2020
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...