ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ІС-САПАРМЕН САЙРАМ АУДАНЫНА БАРДЫ

17:34, 20 қыркүйек 2019

Облыс әкімі іс-сапармен Сайрам ауданына да барды. Онда бірқатар әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Сайрам ауданына қарасты су жүйелері жылдар бойы күрделі тазалаудан өтпеген. Сондықтан Өмірзақ Естайұлы сапарын «Төменгі Аққала» каналынан бастады. Нысанда жүргізіліп жатқан механикалық тазалау жұмыстарын бақылап, ағын судың шаруаларға уақытылы жеткізілуін баса айтты. Соңғы екі айда ауданда ағысы баяулаған арналар қоқыстан аршылған. Нәтижесінде 400 гектардан астам жерді суару мүмкіндігі жоғарылаған. Сапар барысында өңір басшысы арнайы формалар, әскери киімдер мен төсек орындар дайындайтын «АХБК» тігін фабрикасында болды. Ондағы іс барысымен танысып, жұмысшылармен кездесті. Мұнан соң аймақ басшысы «K.A.Z.TEL» ЖШС-нің кабель шығаратын өндіріс орнына аялдады. Кәсіпорын жылына 7200 шақырымға дейінгі өнім шығаруға қауқарлы. Бүгінде кәсіпорын ішкі нарықты  түгел қамтып, көршілес Қырғызстанға да тауар экспорттауды жолға қойған. Өңірдегі экспортты арттыру туралы Өмірзақ Естайұлы осы ауылда орналасқан құрама жем шығаратын зауыттың құрылысын аралау барысында да айтып өтті. Облыс әкімі іс-сапарын Ақсу ауылындағы «Бірлік-4» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде түйіндеді. Аталған кешенде орналасқан консерві цехінің өнімдерімен танысып, қарқынды арттыруды тапсырды.  

Дана Мырзақадір     

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар