ШҰҒЫЛ! ӘКІМ УӘДЕСІНДЕ ТҰРДЫ,ТҰРАНҒА АТ БАСЫН БҰРДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

18:40, 14 ақпан 2020

Келешекте Түркістан қаласында күн энергиясымен жүретін электромобиль шығару зауыты іске қосылатын болады. Сондай-ақ, Келес ауданында еліміз бойынша ең үлкен 10 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтитын жылыжай кешені салынады. Мұндай мәліметтер облыс әкімінің өткен жылды қорытындылаған есебінде айтылды. Сондай-ақ есепті кездесуде өңірде 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші 100 пайызға жеткенде баяндалды. Бұл бағытта былтыр облыста 120 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылған. Ал, мектеп тапшылығын жою үшін былтыр 26 мектеп салыныпты. Нәтижесінде 2 апатты 3 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілген. Денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыс көлемі де ауқымды. Былтыр, тұран даласында 19 медициналық тірек пен 8 емхана салынып пайдалануға берілген.

Әкімнің  есеп беретінін есітіп, Мәдениет сарайына келгендердің қарасы қалың болды. Астанадан арнайы келген меймандарды айтпағанда әр ауданан жиналған халықтың нөпірі көп. Жұрт жиналып болған сөз, өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевке берілді. Әкім баяндамасында айтылған мәліметтерге мән берсек былтырғы жыл өңір үшін өте табысты болған. Өйткені өңірдің өзіндік табысы артып экономикалық жағдай жақсарған.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкіміөнеркәсіп өнімінің көлемі 498,4млрд.теңгені немесе нақты көлем индексі 105,3%болды Өңдеу өнеркәсібінде244,7 млрд. теңгеге өнім өндіріліп (үлесі 49,1%), 2018 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 2,8%-ға артты

Сондай-ақ, соңғы уақытта өңірдің инвестициялық тартымдылығының да жақсарғаны байқалады. Мәселен, былтыр тұран даласына 441 млрд теңге инвестиция бағытталған. Оның ішінде сырттан келетін қаржының үлесі 14 пайыз. Экономикалық жағдай жақсарған сайын өңірде тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға көп көңіл бөліне бастапты. Мәселен, былтыр облыс бойынша 109 мың 600 отбасыға 69 млрд 400 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек берілген. Ал, осы топтағы отбасыларды баспанамен қамту үшін 2019 жылы 620 мың шаршы метр үй салынып пайдалануға беріліпті. Бұл жұмыс жалғасуда. Себебі, тек Түркістан қаласының өзінде қазір 7459 пәтерді құрайтын 156 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.  

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі Елімізде өзекті болып отырғаназ қамтылған көп балалы отбасыларға баспана беру мәселесіне басым назар аударылуда. Осыған орай, 2019 жылы 550,6 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланса, жылдың қорытындысымен нақты 620,4 мың шаршы метр іске қосылып, тапсырма 60%-ға артығымен орындалды.Бұл өз кезегінде 5 879 отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді

Өңір экономикасын өрге сүйреп тұрған саланың бірі ауылшаруашылығы. Өткен жылы бұл бағыттағы өндірілген өнім көлемі 630 млрд теңгеге жеткен. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 5 пайызға артық. Облыстың экспорттық әлеуетінің жоғары болуына сеп болып тұрғанда осы сала. Себебі, өткен жылы өңірден шетке 9600 тонна мал еті экспортталған. Ол еліміз борйынша сыртқа саудаланған еттің 57 пайызы.

Нұрбек Бадырақов – Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ауыл шаруашылығын қолдауға 2019 жылы жалпы28,3 млрд. теңге субсидия бағытталып,27 534 ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері мемлекеттік қолдауға ие болды. өсімдік шаруашылығы саласында жаңадан 7,8 мың гектарға тамшылатып суғару жүйесі ендіріліп, жалпы көлемі 18,2 мың гектарға жетті.

Бұған дейін аграрлы аймақ аталып келген облыста соңғы уақытта құрылыс қарқыны да артып келеді. Мәселен, өткен жылы өңірде тек құрылыс саласының өзіне 182 млрд теңге бағытталған. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 29 пайызға артық. Бөлінген қаржының басым бөлігі облыс орталығындағы құрылыс нысандарын салуға жұмсалыпты. Нәтижесінде былтыр Түркістанда мәдени-әлеуметтік 29 нымсанның құрылысы жүргізіліп, оның 9-ы пайдалануға берілген. Бұйыртса биыл қалғанының құрылысы бітеді. Одан бөлек бүгінде жаңа әкімшілік орталықта 7459 пәтерді құрайтын 156 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Осындай ақпараттар айтылған жиында облыс тұрғындары да көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.

Сонымен қатар бүгінгі есеп беру жиынын барлық аудан қала тұрғындары онлайн жүйе арқылы қосылып тамашалады. Одан бөлек, есеп беру кездесуі бірнеше әлеуметтік желі арқылы тікелей трансляциаланды. Барлық жүйелер арқылы сұрақ қойып жауап алған тұрғындар өңір басшысының биылғы жұмысын жоғары бағалады.

Зуппархан Чалданов – облыстық мәслихат депутаты Өңір басшысы өзінің баяндамасында барлық мәселеге жан-жақты тоқталып, әрбір атқарылған істерге және алдағы жоспарларды нақты айтып өтті. Сондықтан барлығы жоғары бағасын берді.

Мақсұт Жарылқасын – тілші   Атқарылған шаруа аз емес, тындырылған тірлік көп. Оған дәлел өткен жылы өңірде халықты таза ауызсумен қамту үшін 103 су нысанының құрылысы жүргізіліп, халықты құбыр суымен қамту деңгейі 80 пайыздан асты. Сондай-ақ, өңірде халықты көгілдір отынмен қамту көрсеткіші де жыл санап жақсарып келеді. Бірақ бұл барлық шаруа тындырылды деген сөз емес. Атқарылатын шаруа көп. Сондықтан алдағы уақытты өңірдің экономикалық көрсеткішін жақсартып әлеуеттік саланы әлдендіру бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады деді облыс әкім.

 М. Жарылқасын                                      

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ  ҰРЛАП  ҚАШҚАН
18:06, 20 ақпан 2020
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ ҰРЛАП ҚАШҚАН
Толығырақ...
АСЫРАП АЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ КЕРІ ҚАЙТУЫНЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?
17:32, 19 ақпан 2020
АСЫРАП АЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ КЕРІ ҚАЙТУЫНЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?
Толығырақ...