ШҰҒЫЛ! Талантты режиссер туған жеріне келді Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ПӘКІСТАН ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

18:59, 8 ақпан 2018

Оңтүстік Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық байланыс одан әрі нығая түспек. Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және Өкілетті Елшісі Абдул Салик Ханмен кездесті. Кездесу барысында қос тарап екі ел арасындағы экономикалық байланыс пен өзара әріптестік механизмдерін талқылады.

Пәкістан тарапы түстік өңірмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Өйткені, екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас өзара әрекеттесудің жоғары деңгейінде дамып келеді. Біздің елмен Пәкістан Ислам республикасындағы тығыз қарым-қатынас тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда-ақ басталған. Содан бері 26 жыл. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 54,5 млн. АҚШ долларына жетті. Пәкістанның бізден алғанынан гөрі, бергені көп. Экспорт 2,3 млн. АҚШ доллары болса, импорт көлемі 52,2 млн. АҚШ долларын құрайды. Пәкістаннан Қазақстанға келетін тауардың басым бөлігі -негізінен тоқыма бұйымдары. Дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар, мандарин, картоп және кондитерлік бұйымдар да импорттың үлесін арттыруда. Бізден Пәкістан нарығына темір, құрыш бұйымдары, рапс тұқымы, машиналық құрал-жабдықтар жөнелтіледі. Жиында өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы күнгей кәсіпкерлерінің тауарларына қызығушылық танытқан Елшіге алғыс білдірді. Облыстың жоғары инвестициялық әлеуетіне тоқталып өтті.

Жансейіт Түймебаев – облыс әкімі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі инвестициялық жобаларды іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Қазіргі таңда әкімдік әлеуетті инвесторлар үшін барлық жағдайларды жасап, қолайлы инвестициялық климат құру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінде облыстың қалалары мен аудандарында 11 индустриалды аймақ пен 1 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Өңдеуші өнеркәсіп бағытындағы жобаларды іске асырушы инвесторлар үшін біз аталған аймақтан жер учаскелерін бөліп беруге әзірміз. Сонымен қатар арнайы экономикалық аймақта салық пен кедендік режимді енгізуге байланысты жеңілдіктер қарастырылған. Бүгінде облыстың эскпорт көлемі 1 млрд. АҚШ долларына жетіп, импорты 1,5 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Бұдан бөлек, өңір қой еті мен сиыр етін  Иран мен Қытай  елдеріне және Біріккен Араб Әмірліктеріне шығарып келеді.

Сондай-ақ, аймақ басшысы гуманитарлық  және мәдени ынтымақтастықты дамытуға әзір екенін жеткізіп, Пәкістанда Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндерін өткізуді ұсынды. Осындағы жоғары оқу орындарына білім алуға жастарды шақырды. Өз кезегінде елші Абдул Салик мырза Оңтүстік Қазақстан облысымен ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін айтып,  әкім айтқан ұсынысты құптады.

Спикер: Абдул Салик Хан - Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және Өкілетті Елшісі

Сіз облыстың инвестициялық мүмкіндіктері мен тыныс-тіршілігін өте жақсы баян еттіңіз. Бұл іскерлігіңіз, өз ісіңіздің маманы екенін айғақтайды. Сіз айтқан барлық ұсынысты қолдаймын және бұл бағытта тиісті жұмыстарды атқаратын боламын. Бүгінде екі еле арасындағы тауар айналымы 54,5 млн. АҚШ долларын құрап отыр, ол өте аз. Бұл тауар айналым көлемі Пәкістан мен Оңтүстік Қазақстан облысының арасында ғана болатын жайт. Сондықтан да экономикалық қарым-қатынасты дамытуымыз қажет. Ол үшін тиісті жұмыстарды жүргізетін бірлескен жұмысшы топ құрып, бизнестің жол картасын әзірлеген дұрыс.

Оңтүстікте кәсібін дөңгелетіп жүрген пәкістандық кәсіпкерлер баршылық. Оларға тиімді бизнес орта қалыптастыру үшін биліктен қолдау да жеткілікті. Мәртебелі меймандар осы ретте күнгей өңір мен Пәкістан арасындағы көлік қатынасын реттеуге ықпал етуді сұранды. Қос тарап кәсіпкерлерінің тиімді байланысы үшін Шымкенттен Пәкістанға тікелей әуе қатынасын ашып, Визалық құжаттарды оңай рәсімдеу жолын қарастыру керектігін алға тартты. Ал, өңір басшысы барлық айтылған ұсыныстарды қолдайтынын айтып, тауар өндірушілер көрмесін өткізу туралы ұсыныс жасады.

Г. Қалмырзақызы                                         

Тақырып бойынша материалдар

Бүгінгі түлек – ертеңгі спорттық додалардағы ел мақтанышы
23:12, 25 мамыр 2018
Бүгінгі түлек – ертеңгі спорттық додалардағы ел мақтанышы
Толығырақ...
Түлектер ІТ технологияның тілін жетік меңгерген
23:03, 25 мамыр 2018
Түлектер ІТ технологияның тілін жетік меңгерген
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ-ҒА ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
13:15, 21 мамыр 2018
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ-ҒА ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДЫ НАСИХАТТАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
14:37, 21 мамыр 2018
ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДЫ НАСИХАТТАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...