ШҰҒЫЛ! 700 КЕЛІ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

18:33, 10 тамыз 2020

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Арман Жетпісбай тағайындалды. Арман Шәріпбайұлы 1971 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Куйбышев селосында дуниеге келген. Білімі жоғары.

Енбек жолын 1992 жылы коммерциялық құрылымдарда бастаған.  1998-1999 жылдары - «Алаутрансгаз», «Шымкентгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде директор болып жұмыс атқарған.  1999-2003 жылдары - «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамы Шымкент филиалы директорының орынбасары, «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамының Қызылорда филиалының директоры, «Қазкоммерцбанк Қырғызстан» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған.  2003-2018 жылдары аралығында «ARNA Корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы мемлекеттік мекемесінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, «ARNA Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің байқау кеңесінің төрағасы, «Қазатомөнеркәсіп» акционерлік қоғамының басқарушы директоры, «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып жұмыс атқарған. 2018 жылдан бүгінге дейін «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының бас директоры - басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «Объектілердің құрылысын жүргізетін компания» корпоративтік қорының бас директоры лауазымдарын атқарып келді.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КОРЕЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ
18:32, 30 қыркүйек 2020
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КОРЕЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ҚАЛА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА
18:30, 30 қыркүйек 2020
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ҚАЛА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Л.К.Рамазанованың қатысуымен отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жедел онлайн-кеңес өтті
17:06, 25 қыркүйек 2020
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-дем...
Толығырақ...
БАҚШАДА  БАЛА  ЖОҚ...  ЕСЕСІНЕ  ӨНІМ  КӨП
15:50, 25 қыркүйек 2020
БАҚШАДА БАЛА ЖОҚ... ЕСЕСІНЕ ӨНІМ КӨП
Толығырақ...