ШҰҒЫЛ! ЛИЦЕНЗИЯСЫЗ ДӘРІ САТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

14:55, 6 желтоқсан 2019

Облыс прокурорлары жыл басынан бері 450 мыңнан астам азаматтың құқығын қорғауға ат салысқан. Олардың ішінде 74 мыңы кәмелет жасына толмағандар болса мен 8 мыңдайы кәсіпкер. Сонымен қатар қадағалушы орган өкілдері 2 мыңдай жұмысшының ала алмай жүрген айлық жалақысын өндіруге де көмектескен. Ең бастысы ағымдағы жылы құны 2 миллиард теңгелік жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылған. Бұл туралы қазақстан прокуратура органдарының құрылған күніне орай ұйымдастырылған жиында облысымыздың бас прокуроры мәлімдеді.

Журналистермен болған жүздесуде Нұрғалым Мәжітұлы біраз мәселенің бетін ашты. Облыс прокурорының айтуынша өңірде жер мәселесіне қатысты шикілік көп. Осындай олқылықтар салдарынан бір жылдың ішінде мемлекетке 1 млрд теңге көлемінде шығын келген. Бірақ, қадағалаушы орган өкілдері ол істердің жылы жабылып кетуіне жол бермепті. Жыл бойы көптеген іс-шаралар ұйымдастырып, нәтижесінде 2 мыңдай мемлекеттік қызметкердің заңсыздыққа барғаны анықталған.

 Нұрғалым Әбдіров – облыс прокуроры

Мен прокурорларға арнайы тапсырма беріп, олар тергеп аяғына дейін жеткізіп, үлкен қылымыстық топ анықталып, оның ішінде кадастрдың қызметкерлері бар одан кейін жер бөлімінің мамандары бар. соларды құрықтап, арнайы іс қозғап сотта қаралып ол бүгінде күшіне енді.           

Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып жатқан көрінеді. Ол үшін Прокуратура тарапынан арнайы жұмыс кестесі құрылыпты. Осындай жүйелі істердің арқасында 2019 жылы облыста қылмыс саны қысқарған. Қолда бар мәліметке мән берсек биыл өңірде қарақшылық 23, тонау 33, ұрлық 32, алаяқтық 14 пайызға азайыпты.

Нұрғалым Әбдіров – облыс прокуроры

02:03 бұл бір күндік жұмыс болған жоқ. Стык 07:04 Түркістан қаласы бойыншада біраз жұмыстар істелінді. Полицияның жұмыс күшейтілді. БАҚ арқылы есітіп жатырсыздар үлкен-үлкен қылмыстық топтар қылмысқа тартылып жатыр. Оларды жауапқа сәйкестендіріп жауапқа тартып жатырмыз.

 Осындай мәліметтер айтылған жиын соңында облыс прокуроры бірнеше номинация бойынша 3 бірдей өңірлік БАҚ-ты марапаттады. Оның ішінде Тұран даласына тұтастай ақапарат тарататын «Оңтүстік» телеарнасы да бар. Біздің арна «Ең үздік теле сюжет» аталымы бойынша үздік деп танылды. Сонымен қатар осы күні бірнеше прокуратура қызметкерлерінің шені жоғарылап, бірқатары марапатталды.
Максут Айтжанов

Тақырып бойынша материалдар

«NUR OTAN » ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ
16:28, 13 тамыз 2020
«NUR OTAN » ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
18:34, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
Толығырақ...