ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ӘКІМДЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ 6,8 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

20:37, 16 сәуір 2018

Өңірімізде өнеркәсіп өнімінің көлемі 6,8 пайызға артқан. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны мен ауылшаруашылық өнімінде өсім бар. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен селекторлық жиында айтылды.

ОБЛЫСТА ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ 6,8 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

Облысымызда «Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 180 818 бірлікке жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 3,4 пайызға артық.  Ал, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 69,4 млрд. теңгені құрап, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,4 пайызға артқан. Бұдан бөлек, облысқа 207,3 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 2,5 есеге өсті. Бұл көрсеткіш бойынша облысымыз республикада алғашқы орында, үлесі жағынан 2-орында»,-деді басқарма басшысы.

НЕГІЗГІ ЖОСПАРЛАР АЙҚЫНДАЛДЫ

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндама жасаған қаржы басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаев І тоқсанда жергілікті бюджетке 31,8 млрд. теңге түсіп, кірістер жоспары 114,6 пайызға орындалғанын атап өтті. Баяндамашыларды мұқият тыңдаған аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев Елбасы жариялаған 5 әлеуметтік бастамасының орындалуын тұрақты түрде бақылауды және индикаторлардың орындалуы бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Жиынды қорытындылаған Жансейіт Қансейітұлы жеткен жетістіктермен тоқталмай, экономика саласындағы жұмыстарды пысықтай түсуді тапсырды.  Сонымен қатар, барлық аудан, қала әкімдері мен тиісті сала басшыларына терең өңдеу ісі мен абаттандыруды қолға алуды қадап айтты.  Бұдан басқа мемлекеттік қызметтің сапасын жақсарту жайына ерекше тоқталды.

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

Шымкентте айыптұрақта 45 көлік өртеніп кетті
12:50, 15 шілде 2018
Шымкентте айыптұрақта 45 көлік өртеніп кетті
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ҒИМАРАТТАР ШЫҒЫС СТИЛІНДЕ САЛЫНАДЫ
12:35, 15 шілде 2018
ТҮРКІСТАНДА ҒИМАРАТТАР ШЫҒЫС СТИЛІНДЕ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАДЫ
16:04, 13 шілде 2018
ТҮРКІСТАН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАД...
Толығырақ...
ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ЖАҢА АУДАНДАРДЫҢ ШЕКАРАСЫ БЕКІТІЛДІ
17:00, 10 шілде 2018
ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ЖАҢА АУДАНДАРДЫҢ ШЕКАРАСЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ
12:09, 11 шілде 2018
ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫН БІЛДІРД...
Толығырақ...