ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

18:13, 6 желтоқсан 2018

6-желтоқсан елімізде Прокуратура саласы мамандарының төл мерекесі. Өздерінің осы бір айтулы мерекелерін Түркістан облыстық прокуратурасының қызметкерлері де жоғары деңгейде атап өтті. Атап айтқанда мереке қарсаңында облыстық қадағалаушы орган өкілдері жаңа облыс орталығындағы өздеріне берілген жаңа ғимаратқа қоныстанып, салтанатты шарада біраз қызметкердің мәртебесі артып, мерейі үстем болды.

Бұл облыстық прокуратураның Түркістанға қоныс аударғалы бергі алғашқы жиыны. Жаңа орталықтағы шарада жаңаша леппен басталды. Қадағалаушы орган ғимаратына атбасын бұрған өңір басшысын қызметкерлер қол соғып емес, сымдай тартылып сап түзеп тұрып қарсы алды.

Осыдан кейін өңір басшысы жаңа ғимараттың жағдайымен танысты. Қайта құрылымдаудан өткен ғимаратта қызметкерлер мен азаматтар үшін қажетті жағдай қарастырылған. Арыз-шағым қабылдау орынымен арнайы жиын өткізетін жай да қарастырылған. Сондай орынның бірінде прокуратура жанындағы консултативтік кеңестік алғашқы отырысы өтті. Онда облыстық прокуратураның жыл басынан бері атқарған жұмыстары сараланды. Сол жердегі ақапаратқа сүйенсек,өткен мерзім ішінде өңірдегі қадағалаушы орган өкілдері, құны 1 млрд теңгеден асатын 19 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарып, 76 жұмысшының жалақысын алуға көмектескен.

Жанболат Туғанбаев –Түркістан облыстық прокуратурасының аппарат басшысы

 6 – ЖЕЛТОҚСАН –ПРОКУРАТУРА КҮНІ

Бүгінде прокуратура еліміздегі заңның орындалуын қадағалайтын бірден бір орган.Аталған сала мамандары біздегі заң мен құқықтық тәртіптің сенімді қорғаушысы саналады. Сондай-ақ, азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқығын қорғау, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресте заңдылықтың сақталуында қадағалайды.

Нұрғалым Әбдіров –Түркістан  облысының прокуроры

 Әрбірістің өзіне жараса қиындығы мен қызығы бар. Сол қиындықты жеңіп қызығынатоймаған қызметкер ғана өз ісінің майталаман маманы ата алады. Мерейлі мерекедеазаматтардың заң күшіне дегенін сенімін тұрақты ету жолында тер төгіп жүрген бірқатарпрокурорлар облыс әкімінің қолынан марапат алып марқайды.  

Жансейіт Түймебаев –Түркістан облысының әкімі

1991 жылы   6-желтоқсанда Қазақстанда  тәуелсіз елдің прокуратура органы құрылды. 2004 жылдан бері  елімізде аталмыш күн мереке ретінде атап өтіледі.

М.  ЖАРЫЛҚАСЫН                                  

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТІКТЕР ЕЛІМІЗДІҢ БАС ҚАЛАСЫН НҰР-СҰЛТАН ДЕП АТАУДЫ ҚОЛДАДЫ
23:33, 24 наурыз 2019
ШЫМКЕНТТІКТЕР ЕЛІМІЗДІҢ БАС ҚАЛАСЫН НҰР-СҰЛТАН ДЕП АТАУДЫ ҚО...
Толығырақ...
ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХЫ - БАР ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫ
19:22, 23 наурыз 2019
ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХЫ - БАР ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
12:21, 20 наурыз 2019
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
Толығырақ...
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
21:34, 19 наурыз 2019
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАДЫ
13:03, 23 наурыз 2019
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАД...
Толығырақ...