ШҰҒЫЛ! ТЕМІР ЖОЛҒА ЖАТЫП АЛҒАН ҚЫЗ ҚҰТҚАРЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСЫМЫЗДА "БІЗ БІРГЕМІЗ!" АКЦИЯСЫМЕН 1500 ОТБАСЫҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ

12:47, 26 наурыз 2020

Облысымызда "Nur Otan" партиясы қолға алған "Біз біргеміз!" акциясы жүзеге асуда. Бұл шара әлеуметтік әлжуаз топтарға көмек беруді көздейді. Соңғы 5 күнде партия мүшелері облыс бойынша 1500 азаматқа азық-түлік себетін таратты. Осылайша елге келген індетті жеңу жолында өзгелерге үлгі болуда.

Александра Григорийқызы-Тыл ардагері. Жасы 87-ге келген зейнеткер жалғыз өзі тұрады. Кенеттен келген қонақтарды қуанышпен қарсы алды. Нұротандықтар әкелген азық-түлік бұл кісіге бір айға жететді.

Александра Назарьева –Тыл ардагері

Рахмет біз сияқты қарияларды ұмытпағандарыңызға. НұрОтанға рахмет. Әлеуметтік бөлімге рахмет.

Партияның "Кедергісіз келешек",  "Бақытты отбасы" және "Ардагерлерді ардақтайық"  жобалары арқылы жалғызілікті қариялар,  мүмкіндігі шектеулі жандар,  көпбалалы отбасылар және әлеуметтік жағдайы өте төмен тұрғындарға қолдау көрсетілуде.  Облысымызда құрылған Түркістан әлеуметтік қоры арқылы НұрОтандықтар кәсіпкермен бірлесе жұмыс істеуге кірісті. Бастапқыда 1300-дей отбасыға көмек беру жоспарларған. Алайда тұрғындардың өтініштері бойынша бұл тізім 1500-ге ұлғайып отыр. Бейсенбай Тәжібаев - "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары 

Мұндағы мақсатымыз: тиісті салада жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлерге үндеу жасау. Сонымен қатар әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

Коронавируске қарсы күрес жолында 20-наурызда басталған шара жалғасын таба береді. Акцияға НұрОтанның филиалдары,  аудан, қала әкімдері,  "жасотандықтар" ұйытқы болуда. Ерікті жастар және жомарт кәсіпкерлер  ілкімді іске белсенді атсалысып жатыр.

Н.Кенжехан                                       

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
01:01, 25 наурыз 2020
Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
Толығырақ...
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына мәлімдемесі
09:23, 26 наурыз 2020
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына м...
Толығырақ...