ШҰҒЫЛ! ЕРСҰЛТАН МҰЗАППАРОВ "ӘЛЕМ БАРЫСЫ-2018" ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ Толығырақ

ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ЖАҢА АУДАНДАРДЫҢ ШЕКАРАСЫ БЕКІТІЛДІ

17:00, 10 шілде 2018

Облысымызда төртке бөлінген жаңа аудандардың шекарасы нақтыланды. Бүгін алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс 27-ші сессиясында жер бөлу мәселесі түбегейлі шешіліп, бекітілді. Сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасымыздың қолдауымен екі ауданның бөлінуі... халқы тығыз орналасқан аумақ үшін маңызды екеніне тоқталды.

Қайта құрылған Сарыағаш ауданының аумағы 417 мың гектарды құраса, жаңадан құрылған Келес ауданының шекарасы 345 мың 129 гектар болды. Ал, Жетісай ауданының аумағына 104 мың 600 гектар бөлініп, Мақтааралдың еншісінде  80 мың 760 гектар жер қалып отыр. Осыған орай, өңір басшысы аудан әкімдеріне тиісті жұмыстарды жүйелі атқаруды тапсырды. Бұдан бөлек, аймақ басшысы облыс орталығын - Түркістан қаласына көшіру бойынша қызу жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Барлық басқармалармен бірге облыс билігі көне шаһарға ағымдағы жылдың қыркүйек айында ауысатын болды. Ол үшін шілде, тамыз айларында әкімдікке қарасты мекемелер мен мәслихат аппараты орналасатын ғимараттар дайындалады. Сессия соңында бірқатар халық қалаулылары «Астанаға 20 жыл» мерекелік және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

К. ДҮЙСЕНБІ

Тақырып бойынша материалдар

ТҮЙЕ МЕН БИЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
17:58, 11 желтоқсан 2018
ТҮЙЕ МЕН БИЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
ИГЕРІЛМЕГЕН БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
17:52, 11 желтоқсан 2018
ИГЕРІЛМЕГЕН БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
17:56, 7 желтоқсан 2018
АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
11 АЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 5000 ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН
13:56, 6 желтоқсан 2018
11 АЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 5000 ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛ...
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АҚСАҚАЛДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ
13:59, 6 желтоқсан 2018
ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АҚСАҚАЛДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ
Толығырақ...