ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ОБЫРДАН 1253 АДАМ АЙЫҚҚАН

11:43, 12 маусым 2019

Облыстағы онколог дәрігерлер дабыл қағып отыр. Экологиялық жағдай, тамақ рационының бұзылуы, ауа-райы мен сыртқы ортаның әсерінен обыр ауруы жасарып келеді. Аты жаман аурудан сақтану үшін Түркістан облысы көлемінде алдын алу шаралары жиі өткізіледі..

Марат Төлегенов - Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы онкология бөлімінің меңгерушісі

Түркістан облысының аумағында 8000-дай кісілер диспансерлік есепте тұрады. Соның ішінде хирургиялық көмегін біздің облыстық клиникалық аурухананың хирургия бөлімшесі қарап жатыр. Осы жылдың басынан бастап 300-дей операция болды.Түрлі ауыр жағдайда келген науқастарға хирургиялық көмек көрсетіп, емдеп шығарып жатырмыз.

Жаман аурудан айықтырам деп, кісіні мүгедек етіп алуға болмайды. Лапароскопиялық  операция – заман жетістігі. Жыл басынан бері 225 адам осындай отаға жүгінген. Орталықта сауығып келе жатқан науқастар көп. Осы жылдың өзінде обырдан 1253 адам айыққан.

Кендебай Ахатов  -    ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, емделуші        

       Дәрігерлер өте жақсы қарайды екен. Тәртіп өте күшті. Операцияның қалай өткенін мен білмеймін. Кеше 6-ларда ояныппын, реанимацияда жатыр екенмін. Содан жақсымын ғой, жаңа әкелді мені.

Обырдың жиі кездесетін түрі сүт безінің қатерлі ісігі, одан кейін аналық без, жатыр, өкпе обырлары. Орталық осындай дертке шалдыққан 90 адамды бір мезетте қабылдай алады. Хирургиялық 40 кереует заман талабына сай. Операциядан кейін бірден жансақтау бөліміне ауыстыру жүйесі жолға қойылған. Науқастар да, туыстары да аурухана қызметіне разы.

Зеркүл Тәжиева - Түлкібас ауданының тұрғыны

Отбасымызға  бір үлкен ауыртпалық түсіп, дәрігерлердің арқасында ертерек анықтап осы ота жасады асқазанына, дін аман бас ием. Оған қуаныштымыз. Персонал өте ұйымшыл екен. Үлкен алғысымды отбасымның атынан, жеке өз басымның атынан, бүкіл осындағы аурулардың атынан алғысымды айтамын.

ДИНАР НАХЫПБЕК – ТІЛШІ

Қатерлі ісіктің 1,2- сатылары адам бойында білінбей өтеді. Сондықтан, көп науқас уақытты өткізіп алып жатады. Дәрігерлер мұны болдырмаудың ең тиімді жолы – профилактикадан өту екенін ескертеді. Аман болайық. Ауру айтып келмейді...

.Д.Нахыпбек

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРМЕҢКЕ АЛУШЫҒА ДА, САТУШЫҒА ДА ТИІМДІ
17:30, 13 қыркүйек 2019
ЖӘРМЕҢКЕ АЛУШЫҒА ДА, САТУШЫҒА ДА ТИІМДІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
17:30, 13 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар