ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды

16:10, 18 қыркүйек 2017

Отандық туризмді дамыту – Ел үшін маңызды тақырып. Тұмса табиғаты, саф таза ауасы бар біздің өлкеде де оған сұранып тұрған мекендер аз емес. Әйтсе де, қолда бардың қадірін білмей, білсек те оны іске асыра алмай жатқан жайымыз бар. Алдағы уақытта осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін жергілікті билік бірқатар шараларды жүзеге асырмақ. Соның бірі Қазығұрт тауындағы «Кеме қалған» ескерткіші. Алдағы уақытта бұл жерге үлкен нысан салынбақ.

      Жуырда облыстық мәслихаттың кезектен тыс өткен 14 сессиясында облыс басшысы осы туризм саласын дамытуға байланысты бірқатар тың жобалар жайында әңгіме етті. Өңір басшысының айтуынша алдағы уақытта Ордабасы  тауында үш бидің еңселі ескерткіші тұрғызылса, ал Қазығұрт тауында кеме бейнесіндегі алып кешен салынбақ. 

      Мұндай жағымды жаңалық облыста өткен алқалы жиында айтылды. Ол    алып кеме бейнесіндегі бірнеше қабатты нысан болмақ. Бұл жоспар алдағы уақытта іске асып жатса, оның ішінде келушілерге  қажетті барлық жағдай жасалмақ

     Бұл әзірге жоба күйінде және елдің қалталы азаматтарына құлаққағыс ретінде айтылған жоспар. Әйтсе де, оның іске асарына сенім мол. Рас, қазір де «Кеме қалған» маңында құрылыстар  жүргізілуде.  Бірақ, ол салынатын  нысан маңайын көріктендіру мен көркейтуге арналған жұмыстар.

Жандос Мырзатаев - құрылысшы 

  • Киелі қазығұрттың маңызы артқаны дұрыс. Бұл жерде алып нысан салынады деген сөзді естіп, қуанып та жатырмыз. ... келушілер көп...

       Шындығында Қазығұрт тауындағы «Кеме қалған» ескерткіші де туризмге сұранып тұр. Бұл мекенге күн сайын келіп – кетушілер саны  артпаса, азайған емес. Ал, таудың басына кеме бейнесіндегі ғажайып құрылыс еңсе тіктесе, қасиетті таудың маңызы артып, туризмге де кең тыныс ашылары анық. Тек, қолдаушылар  көп болсын.

МҰХТАР Атабек

Тақырып бойынша материалдар

Жарықбастық жұрт сапалы ауыз суға қол жеткізді
17:27, 16 желтоқсан 2017
Жарықбастық жұрт сапалы ауыз суға қол жеткізді
Толығырақ...
Халыққа ең қажетті нысандар ашылды
17:26, 16 желтоқсан 2017
Халыққа ең қажетті нысандар ашылды
Толығырақ...
Саябақ ашылып, мөлтекаудан  бой тіктеді
17:23, 16 желтоқсан 2017
Саябақ ашылып, мөлтекаудан бой тіктеді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...