ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

«ОҚСЫЗ ОҚИҒАСЫ» КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

17:12, 15 сәуір 2019

Отандық анимациялық фильмдер қоры «Оқсыз оқиғасы» атты тағы бір тарихи туындымен толықты. Мультфильм әлемге әйгілі екінші Аристотель, көрнекті ғалым Әбу Насыр әл-Фараби жайлы сыр шертеді. Айта кетейік, туынды Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының екі жылдығына орай түсірілген. Туындының алғашқы таныстырылымы Түркістанда өтті.

 Көрерменге жол тарқан жаңа туындыда  шығыс Аристотелизмнің ең ірі өкілі Әл-Фарабидің балалық шағы, білім мен жаңашылдыққа деген құлшынысы сипатталады. Тарихи деректерге сүйенсек, ғалым қазіргі Отырар ауданына қарасты Оқсыз қалашығында дүниеге келген. Сондықтан мултьфильмнің атын да «Оқсыз оқиғасы» деп қойыпты. Фильмді Түркістан облысы әкімдігінің тапсырысымен «Оңтүстікфильм» мен «САҚ» киностудиясы түсірген.

 Нуриддин Паттеев – анимациялық фильмнің режиссері

Кішкентай кезінің өзінде мемлекетке деген аз да болса пайдасын тигізу, өзінің білімімен сол замандағы химиялық жолдармен қарашыларды ұстап беру және сол кездегі қаланың әміріне жәрдем беру, балалрдың оқуға деген құштарлығын, еліне деген сүйіспеншілігін оятатын бірден бір фильм болады деп ойлаймыз.

 Фильмде кішкентай ғалымның білімге, ғылымға деген құштарлығы, өз еліне деген сүйіспеншілігі, отанға қызмет етудегі қайраткерлігі суреттеледі. 25 минуттық 3D форматта әзірленген тәрбиелік мәні бар туындыны әсіресе, кішкентай бүлдіршіндер қызыға тамашалады. 

 Айғаным Құралбай –  көрермен

- Мульт фильм маған ұнады. Әбу Насыр елді зұлымдықтан құтқарды. Менде өскенде сондай ақылды болғым келеді.

Еске салсақ, өткен жылы  «Күш атасы – Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» анимациялық фильмдері және «Көне жетігеннің сыры» атты 10 сериялы телехикая көрерменге жол тартқан. Сондай-ақ, «Ұлы Жібек Жолы бойындағы көне қалалар», «Ордабасы – бірліктің туы» атты  деректі фильмдері жарыққа шыққан. Алдағы уақытта «Түркістан» анимациялық фильмі мен «Төле би» атты 10 сериялы кинохикая  жұршылыққа ұсынылмақ.

М.ӘСЕМБЕК     

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
12:41, 17 маусым 2019
ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
12:30, 17 маусым 2019
ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар