ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ОҚУ-ДАЛА ЖИЫНЫ ӨТУДЕ

17:21, 15 мамыр 2019

Қорғаныс – кез-келген мемлекеттің дамуының кепілі. Ал ел тыныштығын күзету бүгінгі жас ұландардың отан алдындағы азаматтық борышы. Қазығұрт аудандық 800- ден астам оқушы алғашқы әскери дайындық пәні бойынша 5 күндік оқу-дала жиынына қатысуда. Мақсат - қарулы күштердің мәртебесін арттырып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты 56 мектеп, 1 колледжден барлығы 800-ге жуық оқушы алғашқы әскери дайындық пәні бойынша оқу-дала жиынына аттанды. Дала жиынында  оқушылар әскери қызметтің қыр-сырына машықтанады.

 Асан Үйсінбаев – Қазығұрт аудандық білім бөлімінің басшысы

-Мақсатымыз балаларды алғашқы әскери дайындық пәнінен болашақ әскер қатарындағы элементтермен шұғылдандыру. Бюджеттен қаржы бөлінді. 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. Полаткамен қамтамасыз етілген. Сыз өтпейді. Толық мүмкіншілік жасалған.

Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік, іргесін берік, бірлігін бекем ету - осындағы барлық азаматтың басты борышы. Жалындаған жас қырандардың қалың легі тұрғанда елді дау, жерді жау алмайды. Оқу-жаттығу жиыны шәкірттердің алғашқы әскери дайындықта алған білімдерін іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік береді»- дейді Ерік Алтаев.

Ерік Алтаев – оқушы

-Алғашқы әскери дайындық пәнінен алған білімізді 5 күндік дала жиынында көрсетіп жатырмыз. Жағдайымыз жақсы. Тамақтары да күшті бәрі. Ойдағыдай.

Биылғы дала жиын «Ұлы дала ұландары» атауымен өтіп отыр. Ондағы мақсат – бүгінгі бозбаланың ертеңгі ел тірегі екенін ұғындыру еді. Себебі, бұл оқушылар - болашақ Отан қорғаушылар.

Р.Бақытжанқызы

Тақырып бойынша материалдар

ДОПИНГ ҚОЛДАНҒАНДАРҒА ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
19:47, 18 қыркүйек 2019
ДОПИНГ ҚОЛДАНҒАНДАРҒА ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЛТӨБЕДЕН II ҒАСЫРДЫҢ  АЛТЫНДАРЫ  ТАБЫЛДЫ
17:33, 12 қыркүйек 2019
КҮЛТӨБЕДЕН II ҒАСЫРДЫҢ АЛТЫНДАРЫ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...
БАҒДАРЛАМА ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА
17:28, 13 қыркүйек 2019
БАҒДАРЛАМА ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА
Толығырақ...