ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫНДА БАСТАЛАДЫ

15:51, 4 тамыз 2020

1 қыркүйектен бастап оқу жылы жалпы қашықтан оқыту форматында басталады. Алдын ала болжам бойынша, интернет платформалар мен теледидарды пайдалана отырып, қашықтан оқыту форматында 2,6 миллион оқушы (79%), кезекші сыныптарда - 530 мың бала (17%), штаттық түрде ауылдарда 157 мыңнан астам оқушы (4%) білім алады деп күтілуде, деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында.

Қабылданған шешімге сәйкес бұл жерде екі ерекшелік бар. Біріншіден, шалғайдағы елді мекендердегі шағын жинақталған мектептер эпидемиялық ахуал жақсы болған жағдайда оқуды дәстүрлі түрде бастайды. Екіншіден, бастауыш сынып оқушылары үшін, ата-аналардың өтініші негізінде, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылады. Кезекші сыныптарға өтініштер қол жетімді байланыс құралдары арқылы электронды түрде қабылданады.  Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдар мектептерге компьютерлік техниканы сатып алу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Жалпы алғанда, 185 мың оқушының компьютерлері жоқ. Біз компьютерлер жетіспейтінін көріп отырмыз, әсіресе көпбалалы және аз қамтылған отбасыларда компьютерлер жеткіліксіз. Сондықтан 1 қыркүйекке дейін 500 мыңнан астам бала компьютермен қамтамасыз етіледі. 24 мың мұғалімнің жеке компьютерлері жоқ, 2 мың мұғалім Интернетке қосылмаған, оған мүмкіндігі жоқ. Бұл мәселе мектеп компьютерлерін уақытша пайдалануға беру арқылы шешілетін болады, - деді Аймағамбетов.

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:23, 30 қазан 2020
БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...