ШҰҒЫЛ! Мұнай ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды Толығырақ

Оқушыларды электронды қабылдау жұмысты жеңілдетеді

12:43, 15 шілде 2017

Шымкент қаласының білім бөлімі жаңашыл әдісті енгізіп, айтарлықтай жетістікке жетіп отыр. Еліміз бойынша тұңғыш рет қолға алынған жоба ата-аналармен бірге мұғалімдердің де жұмысын жеңілдетті. Енді үйде отырып –ақ балаңызды мектепке электронды түрде тіркей аласыз. Ұзын-сонар кезек күтіп, сарылмайсыз.

Бұрын тамыз айы болғанда мектепте ұзын-сонар кезек болатын. Баласын мектепке жетелеген ата-ана дәл осы айда ғана әрекетке көшетін. Жаңадан қолға алынған жоба маусымның бірінен басталды. Ескі оқу жылы аяқтала салысымен жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қолға алынды.

Нұрмұхаммед  Досыбаев - Шымкент қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары

Өткен жылмен салыстыратын болсақ, биылға 13 мың бала мектепке қабылданатын жайы бар. Ол дегеніміз, былтырғы дәл осы уақытпен салыстырғанда 2 есе көп. Биыл алдағы жаңа оқу жылына 21 мың баланың келуі күтілуде десек, 13 мың баламыз 60 пайызын құрап отыр. Бұл дегеніміз, тамыз айының соңына дейін кезектердің көбеюінің алдын алу болып табылады.

Бұл жоба бойынша ата-аналар мектепке бармай-ақ білім бөлімінің сайтынан нақты ақпаратқа қол жеткізе алады. Мектептің білім беру көрсеткіші мен рейтингі, материалдық базасы жөнінде біле алады. Сонымен бірге бұл мектепке бүгінге дейін қанша бала қабылданғаны да сайтта жарияланады. Сөйтіп, ата-аналардың мектеп таңдау мүмкіндігі ұлғаяды.

Жанат Тәжиева - Шымкент қалалық білім бөлімінің  басшысы

Электронды қабылдаудың бір жақсы жері - бала автоматты түрде классқа іріктеледі. 1-кезекте біз мөлтекаудан бойынша балаларды қамтимыз. Мөлтекауданнан артылған бос орын болса, басқа мөлтекаудандардың балаларын қамти аламыз. Бұл білім министрлігі тарапынан қолдау тауып отыр.

Жаңашылдыққа ұмтылған жерде жеңіс бар. Ақпарат ғасырында ғаламтордың көмегіне сүйену осылайша бір оқпен екі қоянды атуға мүмкіндік беруде. Біріншіден, уақыттан ұтасыз. Екіншіден, таңдау бар. Мұғалім мен ата-ананың да компьютерлік сауаты ашылады. Сөйтіп, қоғамға ортақ мәселе оң шешімін табады.

НҰРМАХАН Кенжехан         

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шықпады
19:21, 16 қараша 2017
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шық...
Толығырақ...