ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

ОҚЫРМАНДАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

12:24, 20 қараша 2020

«Білімнің кліті- кітапта». Кітап арқылы адамзат ақыл- ойының інжу – маржанын бойына жинап, оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді. Кітап- біздің досымыз ғана емес, сонымен бірге сенімді серігіміз де. Алайда, бүгінгі таңда кітап оқушылар тым азайып кетті дейміз. Бірақ, бұл пікірге ордабасылық кітапханашылар келіспейді. Өйткені, бұл аймақта кітап оқушылар саны өте көп. Тақырыпты тілшіміз тарқатсын.

Бүгінде Ордабасы аудандық орталықтандырылған  кітапханалар   жүйесіне 31    кітапхана  қарайды. 2019 жылы кітапханаларға 6473 дана, оның 5996 данасы  қазақ тілінде  жаңа кітап   түсіп, кітап қоры 254 840 данаға  толықтырылған. Ал  ағымдағы жылдың 5 айында кітапханаларға 2496 дана жаңа кітап түсіп,    257 336 данаға толықтырылды. Бұл дегеніміз алдыңғы жылдармен салыстырғанда өте жақсы көрсеткіш.

 

ФЕРУЗА ЕСПЕНБЕТОВА   - ОРДАБАСЫ  АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН  КІТАПХАНА  ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН  АТҚАРУШЫ

 

Сонымен қатар, биылғы жылдың  1- жартыжылдығында мерзімді басылымдарға жазылуға кітапхана бюджетінен 1 304 теңге қаралған.

Кітапханашылар   оқырмандар үшін  фейсбук желісі арқылы  онлайн     түрде  оқырманға  қызықты әрі  пайдалы контент ұсынып отырады.  Сонымен қатар, түрлі кездесулер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру да дәстүрге айналған.

 

ГҮЛЗАДА  АСАН  - ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН  КІТАПХАНАНЫҢ  БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

 

Бүгінде  аудан тұрғындарына кітапханалық ақпараттық қызмет көрсету сапасын арттыру  мақсатында 16 кітапхана компьютермен жабдықталып, 13 кітапхана интернет желісіне қосылған.  Тағы бір ерекшелік,     кітапханаға келуге мүмкіндігі жоқ тұрғындарға да мұнда  тиісті  жағдайлар жасалынған.  Ордабасылық кітапханашылар,   кітап оқитындар аз деген пікірді осындай еңбектерімен  жоққа шығарып отыр.

 

М. Атабек                                                                                      

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар