ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

ОҚЫС ОҚИҒА ЖИІЛЕП – СЫБАЙЛАСТЫҚ БЕЛЕҢ АЛҒАН

20:59, 11 ақпан 2019

Елімізде оқыс оқиғалар жиілеген сайын төтенше жағдайлар қызметінде сыбайластық белең ала бастапты. Мұны төтеншеліктердің өздері айтып отыр. Мәселен, өткен екі жылда осы саладағы 26 қызметкер бармақ басты, көз қысты әрекетке барған. Оның ішінде пара алып, өз қызметін асыра пайдаланғандар бар. Ал, осы жылдың бір айында тағы бірнеше қызметкер сыбайластыққа барып ұсталыпты. Мұндай мәліметтер Түркістанда төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесіне арналған басқосу кезінде айтылды. Аталған жиында алдын алу шараларына еріктілер тобын көптеп тарту мәселесі де сөз болды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін саладағы сыбайластықты жойған жөн. Өйткені, жемқорлық жайлаған жерде жұмыс жүрмейді. Осыны алға тартқан топ алдымен орын алған оқиғалар тоқталды.

 Сұлтанғали Смайлов – Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің бірнеше рет тапсырмасына қарамастан сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берілуде. Сыбайлас жемқорлық фактілерінің негізгі көрінісі пара алу 13 жағдай, лауазымын асыра пайдалану 5 оқиға. Алаяқтық  төртеу. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу 1.

Міне төтенше жағдайлардың алуы тиіс саланың бүгінгі ахуалы осы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдаймен күресуі керек қызметкерлер қара бастың қамын көбірек күйттеп кеткен көрінеді. Енді осы бір олқылықтың орнын толтыру үшін алдын алу жұмыстарына еріктілерді көптеп тарту керек.

 Бахытжан Запаров -өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және профилактика басқармасының бастығы

Осындай әдістермен жұмыс жүргізсек төтенше жағдайдың алдын алу улы газбен уланудың барлығын азайтамыз деп ойлаймын. Енді әкімшіліктен сол еріктілерді аудан ауылдарға алып бару үшін көлікпен қамтамасыз етуге қолдау көрсетілсе.

Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін билік те қолдан келгенше қолдау көрсетеді. Өйткені, қауіптің зардабын жойғаннан оның алдын алған әлдеқайда тиімді. 

 Мақсат Таңғатаров – Түркістан қаласы әкімінің орынбасары

Әкімшілік тарапынан қандай көмек керек десеңіздер де көрсетіледі. Қаржылай қолдау қажет болса олда қарастырылып беріледі. Тек қана барлығын алдын ала жоспарлаңыздар.

 Енді Түркістанда қауіпсіздіктің алдын алу үшін арнайы еріктілер тобы жұмыс жүргізетін болар. Олар, қоғамдық орындарда, көшелерде қала берді үйлерді аралап, азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Тақырып бойынша материалдар

АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
19:12, 22 шілде 2019
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...