ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ Толығырақ

«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ

12:28, 18 шілде 2019

Арыс қаласының 100 баласы Көкшетаудағы «Сокол» және «Чайка» жазғы демалыс лагерьлеріне орналастырылды. Балғындардың демалысын көңілді өткізуге облыстық мекемелер де атсалысып отыр. Мысалы, «Оқжетпес» футбол клубының мамандары жас жеткіншектермен арнайы жаттығу өткізді.

Арыстық оқушылар  Ақмола  облыстық білім басқармасына қарасты екі демалыс лагеріне орналастырылды. Олардың демалыс уақытын барынша қызықты етіп өткізу көзделген. Осы мақсатпен «Оқжетпес» футбол клубының жаттықтырушылары балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, арнайы жаттығу өткізді.

АНАТОЛИЙ АНДРЕЕВ - ФУТБОЛ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Мұнда келген мақсатымыз балалар арасында футболды насихаттап, допты меңгеру тәсілдерін үйрету. Балалар командалық әрекет етуді түйсініп, жақсы-көңіл күйге бөленуде.

Арысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта, бұл балалар Айыртау ауданындағы қарағайлы орманында демалады. Оқушыларға арнап  табиғатта серуендеу, Бурабайға экскурсия, ән мен би, өзге де көңілді шаралар жоспарланған.

АНАСТАСИЯ МИХАЙЛОВА - «СОКОЛ» БАЛАЛАР САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӘЛІМГЕРІ

13 шілде күні Арыстан келген  50 бала біздің лагерімізге орналастырылды. Балалар Шалқар көліне шомылып, тауға серуендейді. Күнделікті ойын-сауық шараларын ұйымдастырамыз.  Балалар өте ашық, тез тіл табысып кеттік.

Аулада доп қуалап жүрген ойын балалары футбол мамандары көрсеткен жаттығуларды қызыға орындады. Олардың қатарында болашақ футболшылар да бар.

 ЕРІК ӘЛІМОВ – Арыс қаласының тұрғыны

Мен күніге үй жақта футбол ойнаймын. Қазір де көп ойнап жүрміз. Күшті ағайлар екен. Доппен жүгіріп, эстафета ойнадық.

 БЕГАЛЫ ЖӘНІБЕК – Арыс қаласының тұрғыны   

Мұнда футболист ағайлар түрлі тәсілдерді үйретуде. Біз доппен жүріп, гол соғуды үйреніп жатырмыз.Күніміз жақсы өтіп жатыр.

«Оқжетпес» футбол клубының мамандары жас жеткіншектерге естелік сыйлық үлестірді. Жас өрендер де риясыз көңілімен алғыс білдірді.

Рахмет, «Оқжетпес»!

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР  АЙМАҚТЫ АРАЛАУДА
16:34, 16 тамыз 2019
ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР АЙМАҚТЫ АРАЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
13:13, 13 тамыз 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ Б...
Толығырақ...