ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ӨЛМЕЙТҰҒЫН АРТЫНДА СӨЗ ҚАЛДЫРҒАН...

16:56, 11 ақпан 2019

Көзі тірісінде өлмейтін сөз жазған, елінің ертеңіне елеңдеп, жастарға жол сілтеген Хакім Абай шығармалары өшпес мұра. Ақын өлеңдерінің күн өткен сайын көмескіленбей, қайта құны артып келе жатқаны соның айғағы. Осы орайда Шымкент қалалық №41 мектеп-лицейінің ұжымы Абай Құнанбайұлының «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты шығармашылық кешін өткізді.

Абайдың даналығын дәріптеу – күллі қазақ еліне ортақ абырой. Рухани жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді қайта түлету мақсатында бұл шара жыл сайын өткізіліп келеді. Бүгін де қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлы ақынның өлеңдері оқылып, өмірі дәріптелді.

Айна Сарымсақова – Шымкент қалалық №41 мектеп-лицейінің директоры

- Бұл мереке Елбасы тапсырмасы бойынша, үш тілде өтті. Біздің оқушыларымыздың Абайдың шығармаларын тек қазақ тілінде ғана емес, орыс, ағылшын тілінде үйренуі, оларды үйреткен ұстаздарға алғысым шексіз. Одан бөлек, осы үш тілде ашық сабақтар өтеді. Мен бұл мереке өз мәресіне жетеді деп ойлаймын.

Бүгінгі таңда Абай әлем мойындаған ұлы тұлға. Ақын орыс тілі арқылы Еуропа мәдениетімен жақсы таныс болған. Елбасының үштұғырлы тіл саясатын берік ұстанған мектеп оқушылары Абай шығармаларын үш тілде сахналанған көрініс арқылы жеткізе білді.

 Жандос Қалтаев – Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы

- Жастарымыз мықты болатын болса, болғысы келсе, міндетті түрде Абайдың қара сөзін білу керек. Абайша елін сүю керек. Өз бойындағы кемшілікті айта отырып, онымен күресіп, сол кезде ғана мықты азамат ретінде қалыптасады. Өзім осы нәрсені бойыма сіңдірдім деп айта аламын. Осы хорда 6-сыныптан бастап ән айтқанмын. Бұл үрдіс әлі де жалғасып жатқанына қуанамын.

1985 жылы іргетасы қаланған білім ошағы сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеуде көш ілгері. Мерекелік кеш соңында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ашық сабақтар өткізілді.

Ақмарал Көпжасарова      

Тақырып бойынша материалдар

КӨЗДЕН КЕТКЕНІМЕН, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС КЕҢЕСБАЙ...
18:22, 19 сәуір 2019
КӨЗДЕН КЕТКЕНІМЕН, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС КЕҢЕСБАЙ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРАДА ОБЛЫС ӨНЕРПАЗДАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
16:55, 19 сәуір 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРАДА ОБЛЫС ӨНЕРПАЗДАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
Толығырақ...
ТҮРКСОЙ ҚОНАҚТАРЫНА 200 -ДЕЙ ЕРІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
16:54, 19 сәуір 2019
ТҮРКСОЙ ҚОНАҚТАРЫНА 200 -ДЕЙ ЕРІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨЗДЕН КЕТКЕНІМЕН, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС КЕҢЕСБАЙ...
18:22, 19 сәуір 2019
КӨЗДЕН КЕТКЕНІМЕН, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС КЕҢЕСБАЙ...
Толығырақ...