ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

21:34, 19 наурыз 2019

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Кентау қаласына барды. Сапар барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, бірқатар маңызды нысандарды аралады.

Облыс әкімінің жұмыс сапары индустриалды аймақтан басталды. Бүгінде 2015 жылы жұмысын бұл аймақта құны 3 млрд 879 млн теңгені құрайтын 6 жоба жұмыс істеп тұр. Жалпы аумағы 25 гектарды құрайды.  Кентау қаласында 2019-2020 жылдары құрылыс, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларына қатысты қосымша 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Өмірзақ Шөкеев индустриалды аймақтың жұмысына оң баға берді.                                                         

 Аймақ басшысы  «Кентау сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысымен де танысты. Бұл мекеме қаладағы 334 көпқабатты тұрғын үй, 2121 жеке үй, 374 коммерциялық нысан, 102 бюджеттік мекемені жылу энергиясымен қамтып отыр.Облыс әкімі келер жылы Кентау қаласындағы жылу құбырлары мен қондырғыларына жөндеу жұмыстарын толық жүргізу керектігін айтты. Осыған байланысты сараптамалық жұмыстардың нәтижесін нақтылауды тапсырды.                                                                                                                                                                                                            

Осы сапарында  өңір басшысы Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстарымен де танысты.  Кентау қаласында қазір 358 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 35-і күрделі жөндеуден өткен. Енді 2019-2021 жылдар аралығында тағы  305 үй күрделі жөндеуден өтеді. Әкім осы жобаның жоспарымен танысып шықты.    Өмірзақ Шөкеев  «Ащысай Су» кәріз су тазалау стансасына да арнайы барды. 1984 жылы іске қосылған мекеме қазір 97 шақырымдық кәріз су жүйелерінің жұмысын жүргізіп отыр.

          

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
12:24, 12 сәуір 2019
ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...