ШҰҒЫЛ! 284 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ Толығырақ

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ТЕКСЕРДІ

18:42, 3 сәуір 2020

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанда құрылысы қарқын алған бірқатар нысанды аралады. Ондағы сақтық шараларының орындалу барысын тексерді. Құрылыс нысандарына жауапты азаматтарға барлық талаптарды қатаң ұстануды тапсырды.

Өмірзақ Естайұлы алдымен Түркістанның брендіне айналатын негізгі жобалардың бірі  «Керуен жолының» құрылыс басына барды. Онан соң «Күлтөбе қалашығы» археологиялық саябағына барды. 11 гектар жерде орналасқан желілік саябақта аттракциондар, салт- дәстүрімізді дәріптейтін сәулет өнерінің туындылары орналасқан. Сонымен қатар, қаладағы Бекзат Саттарханов көшесінің бойындағы ауқымды саябақтың абаттандыру жұмыстарының да барысын тексерді. Әлемдік стандарттарға сай салынып жатқан бұл аумақ халықтың сүйікті демалыс орнына айналады деп күтілуде.

Облыс басшысы Ақтөбе өңірінің тартуы ретінде салынып жатқан драма театрдың құрылысын аралады. Аталған нысан Түркістан мен Ақтөбе облыстарының бірігіп қаржыландыруымен жүзеге асуда. 4 қабаттан тұратын ғимараттың жалпы көлемі 9700 шаршы метрді құрайды. Бой көтеріп келе жатқан мәдени ошақ заманауи үлгіде, барлық талаптарға сай салынуда. Онда 510 адамға арналған көрермен залы, арнайы автотұрақ орны болады. 
Өмірзақ Шөкеев Ясауи кесенесінің айналасында жүріп жатқан ауқымды жұмыс барысын аралап көрді. Қасиетті кесененің айналасын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары аясында ландшафтық дизайнға ерекше назар бөлінген. Болашақта бұл жер көне тамыры тереңде жатқан шаһардың көрінісі сақталған, сан алуан гүлге оранған жасыл баққа айналмақ.

М. Жорабай      

Тақырып бойынша материалдар

2448 ЖЕР УЧАСКЕСІ  МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ
18:26, 29 мамыр 2020
2448 ЖЕР УЧАСКЕСІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАҚСАРЫП, ТИІМДІЛІГІ АРТАДЫ
18:21, 29 мамыр 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАҚСАРЫП, ТИІМДІЛІГІ АРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...