ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП – БАРШАҒА ОРТАҚ! Толығырақ

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҮКІМЕТ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

18:53, 26 мамыр 2020

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы қаралды. Онда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев дала жұмыстары туралы баяндады. Өмірзақ Естайұлы егіс науқаны аяқталуға жақын екенін жеткізді. 2020 жылы еліміздегі ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алаңға егу жоспарланған.

Премьер-Министр ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқынын ұлғайту аясында сапалы әрі қолжетімді шикізат базасын өсіру, өнімділікті жоғарылату, жоғары бөлініс өнімдерінің өндірісіне жедел көшу бойынша шараларды қабылдауды тапсырды. Үкімет басшысы алға қойған міндеттердің орындалуына Түркістан облысын мысал  ретінде келтірді, онда 4 жыл ішінде ауыл шаруашылығы өндірісін 3 есеге арттыру  бойынша кешенді жоспар бар.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

Мемлекеттік қолдау аясында заманауи суару технологияларын пайдалана отырып, ірі және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарының суармалы учаскелерін кеңейтуге, егін көлемін ұлғайтуға ерекше назар аударылады. Бұл дайын өнім өндіретін келесі өндірістерді дамытуға мультипликативті әсер береді.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

Оңтүстіктегі облыстарда, сондай-ақ Ақтөбе және Атырау облыстарында егіс жұмыстары аяқталуға таяп қалды. Биыл жақсы өнім алу үшін қолайлы ауа райы болады деп болжануда.Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірге әр өңір бойынша ауыл шаруашылығы саласының ерекшелігін ескеріп, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кешенді бағдарламасының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.

К. Дүйсенбі

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТКЕ  ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
16:53, 16 шілде 2020
ШЫМКЕНТКЕ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
12:32, 16 шілде 2020
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
17:05, 10 шілде 2020
БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
Толығырақ...
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН  ЕСКЕ АЛДЫ
19:19, 13 шілде 2020
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛД...
Толығырақ...