ШҰҒЫЛ! ЕСКІ КӨЛІГІҢІЗДІ ӨТКІЗДІҢІЗ БЕ? Толығырақ

ОН ЖЕТІ ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

15:12, 4 тамыз 2020

Шардаралық кәсіпкерлер мен Әл-Матруди мешітінің тұрақты жамағаты бірлесе отырып аудандық орталық емханаға 17 дана оттегі концентраторын табыстады. Аурудың алдын алу мақсатында жасалып жатқан бұл бастамаға аудан әкімдігі де қолдау көрсетіп отыр. «Олвенг» атты қондырғы көршілес күншығыс елінен арнайы тапсырыспен алынған.

Орталық емхана бүгін 17 оттегі концентраторымен толығып отыр. Енді олардың саны 20-ға жетті. Құны жүз жетпіс мыңды құрайтын аппарат Қытайдан жеткізілді. Алдағы күндері концентратор науқас жандардың денсаулығына оң әсерін тигізеді, - дейді дәрігерлер.

Нұржан Нөсеров – Шардара аудандық орталық емханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы

Бұл қондырғының ерекшелігі сырттағы ауаны өз бойына жинап оттегіні реттеп отырады. Мамандар аталмыш аппараттар оттегі баллондарынан тиімдірек екендігін айтады. Ал, ұйымдастырушылар мұндай игі істі алдағы уақытта да жалғастыруға ниетті.

Ернар Өмірбеков – Әл-Матруди мешітінің бас имамы

Оттегі концентраторына қол жеткізген орталық аурухана дәрігерлері енді дерті дендеген науқастардың сауығып кетуі үшін талмай еңбектенеріне сенім мол.

 

Тақырып бойынша материалдар

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
19:03, 22 қазан 2020
ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
СУРЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
18:49, 22 қазан 2020
СУРЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ
13:41, 16 қазан 2020
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ
Толығырақ...