ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

ӨНДІРІС ӨРКЕНДЕУДЕ

18:27, 18 қыркүйек 2020

Карантин кезінде Шымкенттегі бірқатар өндіріс орындары жұмысын тоқтатпады. Тіпті, олар бірнеше есе өнім көлемін арттырып, жаңа жоспарларға қадам басуда. Солардың бірі – Тассай индустриалды аймағында орналасқан «Мега СМАРТ» жиһаз зауыты мен «New Technology Ltd» компаниясы. Аталмыш кәсіпорындардағы қызу тіршілік жайында тілші тарқатады.

«Мега Смарт» зауыты - Қазақстандағы баламасы жоқ бірегей  өндіріс орны болып табылады. Кәсіпорында Оңтүстік Корея технологиясы қолданылады. Аталған жобаны іске асыру барысында, мұнда жылтыр МДФ плиталары мен жиһаз өндіріледі. Кәсіпорындағы жиһаз өндірісіндегі қазақстандық қамту 90% - ға жетіп отыр екен.

Рәзия Алтаева -  «Мега Смарт» ЖШС атқарушы директоры

«Біз карантин кезінде зауытты 1 минутқа да тоқтатқан жоқпыз. Қатаң санитарлық талапты сақтай отырып, түскен тапсырыстарымызды орындадық. Біз үш ауысыммен жұмыс жаймыз. Тапсырыстар өте көп. Барлығында уақтылы сапалы етіп орындап келеміз. Әлі біздің жиһаздарға шағым келіп түскен емес.»

Цехтың жобалық қуаттылығы жылына 5000-нан астам жиынтықты құрайды. Қазір жұмыс орнында  69 жұмысшы бар. Шығарылатын өнім нарықта сұранысқа ие. Тіпті, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанға экспортталып жатыр екен. Алдағы уақытта Ресейге жөнелту жоспарлануда.

Береке Дүйсебеков – Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриялды – инновациялық даму басқармасының басшысы

Тассай индустриалды аймағында орналасқан өндіріс орындарының бірі- New Technology Ltd компаниясы. Кәсіпорын энергия ресурстарын басқару және энергиямен жабдықтау саласында кешенді жобаларды іске асыруда. Мұнда дизельді электр станциясы құрастырылады. Өндіріске қажетті шикізаттың 50 пайызы Отандық өнімдер болса, қалғаны шетелден импортталады.

Бекбол Жакимбаев - «New Technology Ltd» ЖШС директоры

Компания өнімдеріне тапсырыс көбінесе мұнай шығарытын зауыттармен жеке кәсіпкерлерден  түседі екен. Айына 20 дизельді электр станциясын құрастыруды көздеген кәсіпкер дәл қазіргі таңда бір айдағы жұмысты 40 данаға дейін жеткізгендігін айтады. Бұйырса, қытайды қуып жету межесі тұр. Ол жақтағы зауыт 30 күнде 80 дана дизельді  электр станциясын құрастырады екен. Бұл карантин кезіндегі жасалынған жұмыстар.  

Г. Асқарқызы                                 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...