ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

«ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТІ»

19:21, 23 наурыз 2019

Президент Тоқаевтың жұмыс сапары Шымкентте жалғасты. Қасым-Жомарт Кемелұлы миллиондар мегаполисінде бірқатар нысандарды аралап, олардың жұмыс жоспарымен танысты. Соның бірі - сапалы өнімдерімен ел нарығын жаулаған «Азала Текстиль» фабрикасы. Мемлекет басшысы кәсіпорын өнімдеріне жоғары баға беріп, өнідіріс орны басшылығына экспорт көлемін арттыруды тапсырды.

Мақта талшығын өңдеп, мата шығаратын фабрика нарыққа көрпе мен жастық тысы, сүлгі мен жаймалар, тұрмысқа қажетті тоқыма бұйымдарын шығаруда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұл жерде өңірдегі индустриалық даму бағдарламасының «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы инвестициялық бағдарламаның жүзеге асырылу  барысы баяндалды.  

Спикер: Бақытжан Әбекова – «Азала Текстиль» ЖШС  директорының орынбасары 

«Азала Текстиль» фабрикасына бұған дейін, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та бір емес, екі мәрте келген.. Отандық тоқыма бұйымдарын дүниежүзілік нарыққа шығарып отырған фабрика өнімдеріне жоғары баға бергені. Кәсіпорын өнімдері өз елімізден бөлек, Германия, Австрия, Түркия, Литва, тіпті, Африкаға дейін экспорттауда.

 Гүлсанат Қалмырзақызы – тілші

Өндіріс орны өңірде өндірілетін мақта шикізатына негізделген. Қазақстанда мақта кластерін дамытуға оң стимул болып отыр. Сондықтан, мұнда өзімізде өскен мақта әкелінеді. Шикізат өңделеді. Одан жіп иіріледі. Дайын өнім түске боялып, мынада маталар шығады. Тек мұның бәрін атқаратын техника заманауи, шетелдікі. Швейцария, Германия және Италиядан әкелінген.

 Қазір өндіріс орнында 650-ден астам жан  жұмыспен қамтылған. Солардың бірі – Эльвира Бейсенова. Аталмыш кәсіпорныға жұмысқа орналасқанына биыл үшінші жылдың жүзі. Епті келіншек еткен еңбегіне қарай нәсібін айырып отыр. Қазір мұндағы қыз-келіншектер жаңа туған сәбилерге арналған төсек-жаймаларды тігіп жатыр.

Эльвира Бейсенова – тігінші  

 Кәсіпорын айына 500 тонна мақтаны өңдеп,  одан 1,5 миллион метр мата тоқиды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының назарына  отандық жеңіл өнеркәсіптің желкенін керіп жүрген бірқатар өндіріс ошақтарының жұмысы жөнінде мәлімет берілді. Солардың бірі – «Балл-Текстиль» кілем тоқу фабрикасы.

 Талғат Исқақов - «Балл-Текстиль» кілем тоқу фабрикасының директоры

«Өндірісті дамытып, импорт үлесін кеміту  - Қазақстанның экономикалық саясатының маңызды міндеті».  Осылай деген Президент Тоқаев сапар соңында отандық кәсіпкерлерге экспорт әлеуетін арттыруды тапсырды.

Г. Қалмырзақызы                                 

Тақырып бойынша материалдар

СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
19:36, 22 қазан 2019
СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
19:09, 22 қазан 2019
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
19:06, 22 қазан 2019
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...