ШҰҒЫЛ! 700 КЕЛІ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ Толығырақ

ӨНЕР ИЕЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

12:23, 16 қыркүйек 2020

Карантиндік режим барлық саланы тығырыққа тірегенімен, өнер иелері қол қусырып отырмады. Елді үрей билеп, халық қамыққанда марқтаралдық мәдениет саласының қызметкерлері жұрттың көңілін көтерді. Төтенше жағдай кезінде онлайн шығармашылық кеш өткізген азаматтарға аудан билігі құрмет көрсетті.

Мақтаралдық ағайын ән-жырдан кенде емес. Әлем әбігерге түсіп, жұрт жабырқағанда өнер иелері ұйымшылдық көрсетті. Сыртқа бейберекет шығуға тыйым салынған,үйдегілер онлайн концерт тамашалады. Сын сағатта сүрінбегендер бүгінде облыстық мәдениет басқармасының марапатына ие болды.
Серғазы Байдуллаев  - Мақтаарал аудандық мәдениет үйінің басшысы

Кешегі 21-мамыр мәдениет саласының қызметкерлері күні  болып өтті. Мынау короновирустың болуына байланысты  марапат ештеңе болған жоқ. Сол облыстан облыс әкімінің  марапаты, Нұр Отанның марапаты барлығы бүгінгі күні келіп, сол кешіккен марапатымызды алып, мәдениет қызметкерлерінің еңбектері еленіп жатыр. Аудан әкімінің орынбасары келіп, өз қолымен марапатты тапсырып, мәдениет қызметкерлерін өте қатты қуанттып кетті.

Төтенше жағдай кезінде Мақтааралдағы мәдениет үйінің қызметкерлері Бақыттымын  құрбылар атты шығарманы ұсынды. Қойылым авторы –мекеме қызметкері Жібек Әлмешова. Өнер иесінің туындысы көптің көңілінен шықты.

Жібек Әлмешова -  Мақтаарал ауданы мәдениет үйінің әдіскері

Карантинге байланысты  біз 5-6 айдан бері онлайн концерт өтіп жатырмыз. Іс-шараның бәрі онлайн түрде өтіп жатыр.Бүгін менің Бақыттымын құрбылар атты жеке концертім өтті. Бұл концертте облыстық мәдениет басқармасының  алғыс хатымен марапатталдым.  Өте қуаныштымын.  Құдай қаласа, Мақтаарал ауданының  мәдениет жоғары деңгейге көтеруге атсалысып, жүре береміз.

Онлайн концерт әр аптаның жұма күні көрермен назарына ұсынылды.  Бүгінде тұрғындардың амандығы мен тыныштығын сақтауға үлес қосқан мамандар еңбегі еленді. Көңілі марқайған өнер иелері ел басына қандай күн туса да,халықпен бірге екенін жеткізді.

Д.Өмірзақова                                          

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КОРЕЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ
18:32, 30 қыркүйек 2020
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КОРЕЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ҚАЛА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА
18:30, 30 қыркүйек 2020
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ҚАЛА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Л.К.Рамазанованың қатысуымен отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жедел онлайн-кеңес өтті
17:06, 25 қыркүйек 2020
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-дем...
Толығырақ...
БАҚШАДА  БАЛА  ЖОҚ...  ЕСЕСІНЕ  ӨНІМ  КӨП
15:50, 25 қыркүйек 2020
БАҚШАДА БАЛА ЖОҚ... ЕСЕСІНЕ ӨНІМ КӨП
Толығырақ...