ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ӨНЕРЛІГЕ- ӨРІС КЕҢ

12:50, 15 мамыр 2019

Қазығұрт ауданында балалар арасында өнер фестивалі өтті. Онда аймақтағы 72 мектептің оқушылары арасынан шыққан дарынды балалар бақ сынады. Ұлттық өнерді жаңғыртуға бағытталған дәстүрлі байқауда жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Өнер фестивальіне Қазығұрт ауданындағы жалпы білім беретін мектептер арасынан оқушылар сарапқа салынып, іріктелді. Талай таланттарды жарыққа шығарған бұл сайыста белсенді жастар өз өнерлерін ортаға салды.

Клара Нығметова – Түркістан облыстық білім басқармасының маманы

Байқаудың мақсаты, балаларға салт-дәстүрді жыпы қазақтың әндерін дәріптеу. Жалпы қазақ халқының кереметтілігін, ешкімде жоқ құндылықтарын жастарға нұсқау. Үйде, отанда.

Өнерге құштар балалардың талантын ұштай түсуге бағытталған байқауда салт-дәстүріміз жаңғырды. Халық шығармашылығында түрлі жанрдағы шоқтығы биік туындылар дәріптелді.

Қанат  Қалдыбаев – Қазығұрт аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері

Қазіргі кезде өздеріңіз білесіздер, оқушылардың барлығы 5 күндік оқу жүйесіне көшкеннен кейін қолы бос. Босуақыттарын тиімді пайдалану мақсатында оқушылардың патриоттық сезімін оятып, жетістікке, үлкен сахнаға шығару. Түрлі жаман қлықтардан арылтып, таза өнерге баулу керекпіз жастарды.

Жеңімпаз оқушылар «Түркістан облыстық мектеп олимпиадаларын өткізу орталығының» бағалы сыйлықтарымен марапатталды.Топ жарған өнерпаздарға мамыр айының 15-күні Түркістан шаһарында өтетін фестивальге жолдама берілді.

 

Ә. Дәулетбекқызы                                                             

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
13:25, 25 маусым 2019
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
12:16, 25 маусым 2019
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУ  ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
11:56, 20 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
Толығырақ...