ШҰҒЫЛ! ЖОҒАЛҒАН БАЛА ТАБЫЛДЫ Толығырақ

ӨНІМІ КӨП ӨҢІРДЕ

14:17, 31 шілде 2020

Сарыағаш ауданында бір алқаптан 2 немесе 3 өнім алу жобасы қолға алынды. Қазіргі таңда жаңа тәсіл арқылы 36 704 тонна алғашқы өнім жиналып отыр. Айта кетерлігі, 400-ге жуық шаруа қожалығы инновациялық жобаға қызығушылық танытып, жұмыс істеуге ниет білдірген. Сонымен қатар мемлекеттен грант алып, кәсібін өрге домалатып отырған жандар да аз емес.

Бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы бойынша 404  шаруашылық 921 гектар жерге егіс егіп, бүгінде оның жемісін көруде. Мәселен, Құркелес ауылындағы «Гүлшан апа» шаруа қожалығы 2 гектар жердің 1,2 гектарына қырыққабат, 80 соттығына баялдыр еккен. Бұл екінші өнім. Қожалық иесі Шоназар Раимназаровтың айтуынша, бұл әдіс шаруаға бір жылда үш рет өнім беріп, зор табысқа кенелуге жол ашпақ.

Шоназар Раимназаров –  шаруа

Айта кетерлігі, ауданда мемлекеттік грант алып мал шаруашылығын дамытып отырған шаруалардың да қатары көп. Құркелес ауылының тұрғыны Азамат Абдурахманов 2019 жылы 505 мың теңге грант алып, бүгін үй іргесіндегі қорада мал басын көбейтіп, бордақылаумен айналысып келеді. Кәсіпкер жігіт сонымен қатар үй іргесіндегі 4 соттық жерге қияр егумен де айналысады. Қазір бұл жер екінші өнімге дайындалуда. 

Азамат Әбдірахманов -  кәсіпкер

Елімізде жылыжай көлемінің 60 пайыздан астамы Сарыағаш ауданына тиесілі. Биыл аймақта 665 гектар жылыжайға көкөніс егіліп, қазіргі таңда жылыжайдан жалпы 64 860 тонна өнім жиналған. Халықтың тынымсыз еңбегінің нәтижесінде ауданда биыл егіс көлемі - 69 807 гектарға жеткен.

М. Жорабай    

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
19:39, 18 қыркүйек 2020
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
18:28, 18 қыркүйек 2020
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
13:51, 16 қыркүйек 2020
САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
Толығырақ...
МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
15:57, 15 қыркүйек 2020
МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
19:31, 16 қыркүйек 2020
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Толығырақ...