ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНДА ӨСІМ БАЙҚАЛАДЫ

11:52, 3 қаңтар 2019

Өңір экономикасының 11 айлық қорытындысы шықты. Нәтижесінде салада өсім байқалады. Халық саны бір миллион тоғыз жүз жетпіс үш мыңнан асып, табыс артты. Жаңа облыс орталығында құрылыс қарқын алып, өндірілген өнім көлемі өсті. Туризм түлеп, бір миллионнан аса шетелдік Түркістанға табан тіреді.

Облысымыз үшін өткен жыл жемісті болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 409 миллиард теңгеден асты. Жаңа кәсіпорындар іске қосылып, кәсіпкерліктің үш түріне де қолдау көрсетілді. Өңір экономикасының драйвері ауыл шаруашылығы саласында да табыс еселі. Жалпы өнім көлемі 508 миллиард теңгені құрады. Барлық шаруашылық санаттарында 194 мың тонна – ет, 6512 мың тонна – сүт, 175 млн. дана – жұмыртқа өндірілді. Түркістан облысы шетелге  6мың 200 тонна ет экспорттап, республикада көш бастады. Осылайша, облыстың сыртқы саудадағы үлесі 202 млн АҚШ долларына жетті.   Диқандар көкөніс, бақша дақылдарынан 2млн 800мың  тонна өнім жинап рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Биыл облысқа 240 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылды. Жұмыссыздық деңгейі төмендеп, денсаулық сақтау, білім беру өзге де салалардағы  көрсеткіш көңіл қуантады.

Дана МЫРЗАҚАДІР  

 

Тақырып бойынша материалдар

«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...
АРЫСТАН  ПАВЛОДАРҒА  ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ
12:21, 18 шілде 2019
АРЫСТАН ПАВЛОДАРҒА ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...