ШҰҒЫЛ! ЖАНЖАЛ КЕЗІНДЕ ЖАРАҚАТ АЛДЫ Толығырақ

ӨҢІРДІҢ 66 665 ТҰРҒЫНЫ ӨЗГЕ ЖАҚҚА ЖЕР АУЫПТЫ

13:58, 11 ақпан 2020

Өткен жылы облысымызда шеттен келушілердің санынан өзге жаққа кетушілер саны көп болған. Ресми статискаға сүйенсек, былтыр облысқа 55 385 азамат қоныс аударған болса, өңірдің 66 665 тұрғыны өзге жаққа жер ауыпты. Түркістан облысын тастап кеткендер арасында шекара асқан адамдар саны да жеткілікті. Мәселен, былтыр облыстан көшіп кеткендердің 311-і ТМД елдеріне тұрақтаса,19 азаматтың бақс елдерге кеткені анықталған.

Қоныс аударып келегендерден көшіп кеткендердің қарасы қалың болса да былтыр облыстағы халық санының өсу динамикасы еліміз бойынша бірінші орынға шыққан. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, былтыр Түркістан облысының халық саны 45 427 адамға артқан. Сонымен қатар өткен жылы  өңірде өмірге қыздарға қарағанда ұл балалар көп келген.

Айдар Әбілдабеков, облыстық статистика департаментінің басшысы

Халықтың жалпы санының өзгеруіне тікелей табиғи өсім, яғни туылғандар мен өлгендер санының өзгеруі және көші-қон өсімі әсер етеді. Облыста 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда халықтың табиғи өсімі 45 427 адамды құрады және 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,9%-ға өсті Республика бойынша біздің облыс туу мен табиғи өсімі көрсеткіштері бойынша 1 орында.

 Өткен жылы халық санынан бөлек өңірде өнеркәсіп өнімінің көлемі де 5,3 пайызға артқан. Сонымен қатар негізігі каптиалға бағытталған инвестиция көлемі де 441 млр теңгеге жетіп 2018 жылмен салыстырғанда 38 пайызға жоғарылапты. Ал, 2019 жылы облыстағы орташа жалақы 138 124 теңгені құраған. Ал, ең жоғары айлық Созақ ауданында болса төменгі жалақы Жетісай ауданының тұрғындарына төленген.

Айдар Әбілдабеков,облыстық статистика департаментінің басшысы

Жалақы негізінен Созақ ауданында жоғары. Өйткені ол жақта кен өндіру зауыттары бар. сонымен қатар аталған аймақта экологиялық жағдайға байланысты 20 пайыз үстеме төленеді. Сонымен қатар, жалақы негізгі базаға қарап есептеледі.

 Статистика департаменті басшысының айтуынша өткен жылы өңірде инфляция деңгейі 5 пайыздан аспапты. Ал, азық-түлік тауарларының құны 9,4 пайызға, азық-түлік емес тауарлары – 4,4, ақылы қызметтер – 1,1%-ға жоғарылаған.

 М. Жарылқасын              

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН 12 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛАДЫ
21:59, 25 қыркүйек 2020
ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН 12 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ  ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛАДЫ
21:56, 25 қыркүйек 2020
ШЫМКЕНТТЕ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛАД...
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН СОҢҒЫ НАУҚАС АУРУХАНАДАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
18:47, 25 қыркүйек 2020
КОРОНАВИРУС ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН СОҢҒЫ НАУҚАС АУРУХАНАДАН ЖАЗЫЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАЙЫЗСЫЗ  ПӘТЕРГЕ  ҚОЛ  ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
10:45, 23 қыркүйек 2020
ПАЙЫЗСЫЗ ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
Толығырақ...
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Л.К.Рамазанованың қатысуымен отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жедел онлайн-кеңес өтті
17:06, 25 қыркүйек 2020
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-дем...
Толығырақ...