ШҰҒЫЛ! ТАБИҒИ ГАЗДАН УЛАНЫП 7 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ Толығырақ

ОНЛАЙН ОҚЫТУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР?

16:46, 16 қыркүйек 2020

Онлайн оқыту ешқандай қиындық тудырмайды. Бүгінде Шымкент қаласындағы барлық білім ұяларында оқушылар қашықтықтан оқып жатыр. Тек, бастауыш сыныптар ғана, мектептен арнайы білім алады.

Мектеп қабырғасында ата-аналардың сұранысына орай тек бастауыш сыныптар ғана білім алады. Оның өзінде тек негізгі пәндер ғана.  Шет тілдерін барлық шәкірттер қашықтан оқиды. 

Ләззат Серікбаева-мұғалім

Мектептерде ауаны ылғалдандыратын арнайы кварцтар орнатылған. Оқушылар әр үзілісте таза ауамен тыныстайды. Медицина мамандары  қоңырау уақытында сыныптың ішін дизенфекциялайды. Барлық сыныпта санитайзер мен антисептик орнатылған.

Онлайн оқыту жүйесі «Zoom», «Bilim Land» және  «Daryn» платформалары арқылы жүзеге асырылады. Оқу жылы басталмай тұрып оқушылардың әлеуметтік жағдайы қарастырылған. Тұрмысы төмен отбасынан шыққан оқушыларға тегін компьютер мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар үлестірілген.

Гүлнағира Сералиева – Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы директорының міндетін атқарушы

Бүгінде  әлем бойынша, 870 милионнан астам оқушы онлайн форматта сабақ оқуда. Мұғалімдердің айтуынша, қашықтан оқыту қиындық тудырмайды. Дегенмен, оқушылар мектепке қатынап білім алуды күтіп жүр.

Айдана Қуанышқызы                                                                

 

Тақырып бойынша материалдар

АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК–НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ
10:56, 23 қыркүйек 2020
АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК–НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР ПІКІР САЙЫСТЫ
10:54, 23 қыркүйек 2020
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР ПІКІР САЙЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
19:31, 16 қыркүйек 2020
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Толығырақ...