ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛАЙЛЫ АЙМАҚ

14:11, 4 қыркүйек 2019

Ордабасы ауданы кәсіпкерлікке қолайлы аймақ. Ағымдағы жылдың алты айында жалпы өңірлік өнімнің 32 пайызы осы ауданда өндірілген. Өнеркәсібі дамыған аудандағы атқарылып жатқан шаруалар тілші бейнематериалында.

Жібек жолы бойында орналасқан  Ордабасы ауданында өндірілген өнім далада қалмайды. Себебі жер аумағы Шымкентпен шекаралас,  облыс орталығына 1 сағаттық қашықтықта ғана.  Сондықтан болар қолайлы аймақтағы ірі сүт, ет өндіретін кәсіпорындар нарық іздеп әуре болмайды.  Ауданда  10 мыңға жуық шағын және орта бизнес субьектілері тіркелген. Оның  9 мыңдайы белсенді. Аймақта 75 мың гектар ауылшаруашылық жері бар. Оның  32 мыңнан астамы суармалы,  құнарлы жер. Аудан басшысы да осы екі салаға басымдық беріп отыр.  

 Әліпбек Өсербаев – Ордабасы ауданының әкімі

Ордабасының мүмкіндіктері мол екеніне көзім жетті Сондықтан осы екі саланы одан әрі дамытуға күш саламыз. Әсіресе осы екі сала ауылшаруашылық және өнеркәсіп саласы. Әрине тауар айналымы өзгеде қызметтер дамыту керек. Құрылыс жұмыстары белгілі облыстан бөлінген қаржы.

 Ордабасыдағы  өзекті мәселенің бірі көгілдір отынның жоқтығы.  Алайда аймақ басшысы бұл түйіткүлдің де түйіні шешіліп жатқанын жеткізді. Аудан орталығы Темірланның халқы жақын арада газдың қызығын көргелі тұр. Ал қалған  57 елдімекеннің барлығында жобалау сметалық құжаттары жасалып жатқан көрінеді.

 Әліпбек Өсербаев – Ордабасы ауданының әкімі

Бейнеу Бозой Шымкент газ магистралын білесіздер. Жыл соңына дейін Темірлан ауылына газ беруді жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта бүкіл ауданды газбен қамтуды қолға аламыз. Кейбір жерде газ мәселесі шешілмей жатқан Ықылас Темір ауылдарына магистрал тарту мәселесін сессияға қойдық.

 Экономикасы қарыштап дамыған ауданда әлі күнге ауызсуға қол жеткізе алмаған ауылдар бар. 17 елдімекеннің халқы  тіршілік нәрін баспа құдықпен тартып отыр.  Аудан басшысы тұз суға тоба қылып отырған тұрғындардың мәселесі бірінші кезекте тұрғанын баяндады.

 

К. Дүйсенбі 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...